04.03.2026, 21:40 166211

БҰҰ АзТМЭӘК Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Қазақстанға келді

БҰҰ АзТМЭӘК Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Қазақстанға келді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Алматы қаласында АзТМЭӘК жанындағы Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын (ЦШО) құру бойынша жұмыс тобының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

АзТМЭӘК-тың жұмыс тобының Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты - елдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін зерделеу, цифрлық технологиялардың даму деңгейін бағалау, сондай-ақ Қазақстанның Орталықты орналастыруға институционалдық дайындығын талдау.

Е.Ашықбаев жобаға қатысты тұжырымдамалық негіздерді баяндап, болашақ Орталықтың стратегиялық мақсаттары мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында Орталықты қаржыландыру және институционалдық рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар болашақ Орталықтың институционалдық құрылымы, қаржылық моделі және функционалдық рөлі жөнінде жүргізілген тәуелсіз сараптамалардың нәтижелерімен бөлісті.

Жұмыс тобының төрағасы, Тимор-Лештидің Тайланд Корольдігіндегі Елшісі Франсиско Тилман Сепеда және БҰҰ АзТМЭӘК Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және апат тәуекелдерін азайту бөлімінің директоры Киёнг Ко Қазақстандағы цифрлық технологиялардың жоғары деңгейде дамығанына тоқталып, елдің цифрлық трансформация саласындағы елеулі ілгерілеуін ерекше атап өтті.

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы цифрлық күн тәртібін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беріп, елдің АзТМЭӘК аясындағы өңірлік бастамаларды іске асыруға үлес қосуға дайын екенін жоғары деңгейде растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны