Бельгия королі Қазақстанға келеді: келіссөздер өткізіп, келісімдерге қол қою жоспарланған
Сурет: Depositphotos
Қазақстанға 11-14 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Королі Филипп және Патшайым Матильда мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
