17.07.2026, 12:06 12021

Брнодағы қазақ жастары екі елдің жоғары оқу орындарының арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге ниет танытты

Кездесудің жеке бір бағыты алдағы Құрылтай сайлауына арналды
Брнодағы қазақ жастары екі елдің жоғары оқу орындарының арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге ниет танытты
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің басшылығы мен қызметкерлері Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесіндегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, консулдық қызмет көрсету, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, сондай-ақ алдағы парламенттік сайлау аясындағы дауыс беруге қатысу мәселелерін жан-жақты қарастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші Қайрат Әбдірахмановтың пайымдауынша, шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастардың әрдайым жоғары патриоттық рухымен, сапалы білімімен және оқуына деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ал, студенттер өз кезегінде биотехнология, автомобиль инженериясы, жобаларды басқару, өңірлік даму, қоршаған ортаны қорғау, экономика және гуманитарлық ғылымдар салаларында меңгеріп жатқан білімдері мен тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехияның жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге, академиялық ұтқырлықты дамытуға және тағылымдамалар ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесудің жеке бір бағыты алдағы Құрылтай сайлауына арналды.

Қайрат Әбдірахманов ұйымдастырылатын қайырымдылық, музыкалық және өзге де мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді атсалысып жүргендері үшін ризашылығын білдірді.

Брно қаласында өткен бұл кездесу студент жастардың, сондай-ақ білім мен ғылым саласының тұтастай алғанда Қазақстан мен Чехия арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны