17.08.2026, 20:24 22386

Брокерлер мен дилерлер ЕАЭО елдерінің биржаларына тең қол жеткізе алады

Келісім ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігін құру жолындағы қадамдардың бірі болмақ
Брокерлер мен дилерлер ЕАЭО елдерінің биржаларына тең қол жеткізе алады
Брокерлер мен дилерлер ЕАЭО елдерінің биржаларындағы бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен сауда-саттыққа тең шарттармен қатыса алады.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Шолпан-Атада Одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойған келісімге түсініктеме бере отырып мәлімдеді.

Бұл келісім ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігін құру жолындағы қадамдардың бірі болмақ.

"Біз ЕАЭО аясында ортақ биржалық кеңістік құруға қадам жасап отырмыз. Шолпан-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Одақ елдерінің премьер-министрлері брокерлер мен дилерлерді еуразиялық бестікке кіретін кез келген елде бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін биржалық сауда-саттыққа тең шарттармен жіберу туралы келісімге қол қойды", - деді Сұлтанов.


Брокерлер мен дилерлер сауда-саттыққа техникалық қол жеткізіп, өтінімдер беріп, мәмілелер жасай алады. Сонымен қатар олар клирингке қатысып, ЕАЭО елдерінің депозитарийлерінде, оның ішінде қашықтан шот аша алады.

Сұлтановтың айтуынша, жаңа ережелер биржалардағы өтімділікті арттырып, эмитенттерді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және Одақ елдері арасындағы өзара инвестицияларды ынталандыруға тиіс.

"Келісімді іске асыру биржаларға қосымша өтімділіктің келуін қамтамасыз етіп, эмитенттерді қаржыландыру көлемін ұлғайтып, өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді, сондай-ақ Одақтың қаржы нарықтарын дамытуға серпін береді деп сенемін. Бұған дейін қол қойылған бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа трансшекаралық жіберу туралы келісіммен бірге біз ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігінің берік құқықтық негізін қалап жатырмыз", - деді Сұлтанов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны