04.07.2026, 11:56 76231

Ермек Көшербаев Беларусь елінің сыртқы істер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ермек Көшербаев Беларусь елінің сыртқы істер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әріптесі Максим Рыженковқа құттықтау жолдауын жолдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Жолдауда Сыртқы істер министрі Қазақ елі Беларусьтің жетістіктеріне шын жүректен қуанышты екенін атап өтіп, екі елді берік достық қарым-қатынас пен сенімді әріптестік байланыстыратыны айтылған.

ҚР СІМ

Министрдің құттықтауында «Қазақ-беларусь ынтымақтастығын нығайту ісіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екі ел арасындағы жан-жақты қатынастарды тереңдетуге бағытталған тығыз байланыстарды одан әрі жалғастыруға ниетті екенімді растаймын», — деп көрсетілген.

Ермек Көшербаев Максим Рыженковқа мемлекеттік қызметінде жаңа табыстар, ал Беларусь халқының бақ-береке тіледі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны