17.08.2026, 17:17 24706
Гонконгта өткен форумда құқықтық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Гонконгта Азия-Тынық мұхиты заңгерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Қытай кәсіпорындарының Қазақстан нарығына шығуына жәрдемдесуге арналған құқықтық және кәсіби қызметтер" тақырыбында Форум өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов ағымдағы жылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандана түскенін және еліміздің гонконгтік капитал үшін инвестициялық тартымдылығының артқанын атап өтті.
Дипломат екіжақты қарым-қатынастардың дамуына үстіміздегі жылғы маусымда Гонконг Арнайы әкімшілік ауданың Басшысы Джон Лидің Қазақстанға жасаған сапары айтарлықтай серпін бергенін жеткізді. Гонконгтік делегация құрамына ірі бизнестің 70-тен астам өкілі кіріп, жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларынан асатын 61 келісімге қол қойылды. Осыған байланысты Бас консул Гонконг кәсіпкерлерін Қазақстан нарығындағы қатысуын одан әрі кеңейтуге шақырды.
Министрліктің мәлімдеуінше, іс-шараға әділет органдарының, даму институттарының өкілдері, жетекші консалтингтік компаниялардың басшылары және қытайлық бизнестің топ-менеджерлері қатысты.
Форум барысында Гонконг Әділет министрінің орынбасары Хорас Чанг Квок-кван Гонконгтың қытайлық компаниялардың Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына шығуы үшін негізгі "қаржылық қақпа" ретіндегі рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, азақстандық "Grata International" заң фирмасының серіктесі, халықаралық құқық саласының сарапшысы Шаймерден Чиканаевтың баяндамасы қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Ол қатысушыларды Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерімен таныстырды.
"Форум Гонконгтың іскерлік топтарының қаржы-экономикалық қызметте ғана емес, заң саласында да қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге деген қызығушылығын айғақтады",- деп көрсетілген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен Гонконг арасындағы ауқымды инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту үшін құқықтық қолдау жүйесін қалыптастыруға бейілділік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.09.2026, 18:17 5691
Индонезия елімізбен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүдделік танытуда
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Индонезия тарапы жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Индонезиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Жас кәсіпкерлер палатасының (KAPMI) Төрағасы Мулиансьях Абдуррахманмен және аталған ұйымның өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.
Дипломат Қазақстандағы қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуал туралы ақпарат ұсынып, екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалы бағыттарын мәлім етті.
"Елші 2025 жылдың 21 желтоқсанында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия арасында қол қойылған Еркін сауда туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті. Аталған келісімнің іске асырылуы Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге және өзара тауар айналымының өсуіне ықпал етеді деп күтілуде", - деп жазылған хабарламада.
"KAPMI" төрағасы М.Абдуррахман өз кезегінде Қазақстанмен іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, екі елдің жас кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Индонезия тарапы жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын дамытуға қолдау көрсетуге дайын.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты әрі мазмұнды диалогты қолдауға, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және өзара тиімді қазақстандық-индонезиялық әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 16:40 6346
СІМ Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін қысқарту себебін түсіндірді
Достарға айту
Таиланд ұлттық қауіпсіздік мәселелері мен экономикалық факторларды ескере отырып, көші-қон саясатын қайта қарауына байланысты Қазақстан азаматтары үшін елде визасыз жүру мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Таиланд билігі екі жыл бұрын қабылдаған, оның негізінде Қазақстанды қоса алғанда, 93 мемлекет пен аумақтың азаматтары үшін бірыңғай 60 күндік визасыз режим енгізілген біржақты шешімінің күшін жойды. Таиланд тарапы бұл шешімді қайта қарау көші-қон саясатын ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық факторларды ескере отырып, жаңарту қажеттілігімен байланысты екендігін мәлім етті", - деді Жанболат Үсенов.
Ол Таиланд Министрлер кабинетінің шешімі 2026 жылдың 15 қыркүйегінде күшіне енгенін еске салды.
Енді Қазақстан азаматтарына қатысты Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасында бұған дейін жасалған ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады.
Аталған келісімге сәйкес Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады. Бұл ретте визасыз болудың жиынтық мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Таиландта 30 күннен астам болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала ресімдеу қажет.
Сонымен қатар, СІМ ресми өкілі 2026 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан азаматтары Индонезия Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес 2026 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Индонезия Республикасына 30 күнге дейін визасыз кіре алады.
Визасыз кіру режимін енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алды. Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстан Республикасына визасыз кіру және ел аумағында 30 күнге дейін болу құқығын берген болатын. Осылайша, екі ел азаматтарының ұлттық паспорттарының иелері үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру және болу режимі қолданылады.
СІМ сондай-ақ 2025 жылғы 1 қазаннан бастап шетелден Индонезияға келетін барлық жолаушы "All Indonesia" бірыңғай электрондық декларациясын толтыруға міндетті. Электрондық декларацияны толтыру тегін және оны Индонезияға келгенге дейін алдын ала рәсімдеуге болады
Бұған дейін СІМ қазақстандықтардың Таиландта визасыз болу мерзімінің қысқартылғанын хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 16:28 6796
Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өз бастамаларын таныстырады
Достарға айту
Қазақстан 2026 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығында ұлттық және өңірлік бастамаларын таныстырады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сессияның тақырыбы - "Сенімді қалпына келтіру, өзгерістерді басқару". ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, іс-шара барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ БҰҰ реформасына ерекше назар аударылады.
Жоғары деңгейдегі апталық Қазақстан үшін ұлттық және өңірлік бастамаларды ілгерілетуге, екіжақты байланыстарды нығайтуға және жаһандық әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлескен шешімдер әзірлеуге арналған маңызды алаң болмақ.
Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарады. Бағдарламада делегация басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастарында сөз сөйлеуі, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуі, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізуі көзделген.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация өңірлік ұйымдар мен көпжақты бірлестіктердің бейресми отырыстарына, БҰҰ Бас Ассамблеясы мандаты аясындағы іс-шараларға, сондай-ақ Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің консультацияларына қатысады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 16:11 7201
Қазақстан халықаралық байланыстарын кеңейтуде
Қазақстандық дипломаттар бірқатар кездесу өткізді
Достарға айту
Қазақстан Кувейтпен мұнай-газ жобаларына инвестиция салу мәселесін талқыласа, Сербиямен консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі елшісі Ержан Елекеев Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) компаниясының Бас атқарушы директоры Иса Әл-Марагимен кездесу барсында кувейттік компания Қазақстанның мұнай-газ секторындағы инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық мүмкіндіктерді, техникалық параметрлерді және мұнай-газ жобаларын іске асырудың ықтимал тетіктерін егжей-тегжейлі талқылау мақсатында Қазақстан мен KUFPEC-тің бейінді техникалық командалары арасында онлайн-кездесу өткізуге уағдаласты.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Сербия консулдық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Қазақстанның Сербия Республикасындағы елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевичпен кездесу барысында мәлім болды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты консулдық-құқықтық салада дамыту, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқылап, консулдық мәселелер бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және екіжақты күн тәртібінің өзекті бағыттары бойынша жұмыс байланыстарын нығайтуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 15:01 7721
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде жолаушылар қатынасын жандандырмақ
Тараптар Алят порты мен қазақстандық Ақтау және Құрық порттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды қолға алмақ
Достарға айту
Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Баку халықаралық теңіз портының (Алят порты) бас директорымен кездесу барысында қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының көлік-логистика саласын дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Алят порты мен қазақстандық Ақтау және Құрық порттары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, контейнерлік тасымалдарды қоса алғанда, тасымалданатын жүк көлемін ұлғайту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ә. Байел Қазақстанның Құрық - Баку - Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын жандандыру бастамасын қолдағаны үшін әзербайжан тарапына алғыс айтты.
"Жолаушылар тоқтатылғанға дейін Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымалын жылына шамамен 1500 жолаушы пайдаланған. Қазақстандық дипломат алдағы кезеңде осы бағыт бойынша саяхат жасауды қалайтындар одан да көп болатынына сенім білдірді. Паром желісінің қайта іске қосылуы екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және Орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді",- деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Э. Салахов Баку портының қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің порт операторлары, логистикалық ұйымдары және басқа да құрылымдарының күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Жолаушылар тасымалын қайта бастауға қатысты бұл бағыттағы жұмыстың қазақстандық әріптестермен тығыз байланыста басталып кеткенін хабарлады.
Дипломат сондай-ақ әзербайжан тарапын бұрын елдеріміз қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес Алят портында бірлескен интермодалды терминалдың құрылысын жеделдетуге шақырды. Э.Салахов аталған терминалдың құрылысы ахуалы туралы мәлімет беріп, Баку портын дамытудың бас жоспарын жаңарту аяқталғаннан кейін аталған нысанның құрылысы жалғасатынын өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдауға және тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Алят порты - Бакудан оңтүстікке қарай 70 км жерде орналасқан Каспий теңізіндегі Әзербайжанның басты заманауи теңіз логистикалық торабы. Порт Еуропаны, Кавказды, Орталық Азияны және Қытайды байланыстыратын Орта дәліздің негізгі буыны саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 11:22 9711
Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шик Қазақстанды елінің Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі деп атады. Бұл туралы ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Чо Чжон Шик екі елдің энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ықпалдастығын арттырудың маңызы зор екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея соңғы жылдары түрлі салалардағы өзара іс-қимылды дәйекті түрде кеңейтіп келеді.
"Сіздің осы сапарыңыз аясында екі елдің қарым-қатынасы болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын", - деді спикер.
Тоқаев өз кезегінде бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен келіссөздер барысында кіжақты ықпалдастығымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар туралы айтты. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, бірқатар салада бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
"Жалпы, соңғы жылдары парламентаралық диалог айтарлықтай тереңдей түсті. Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы байланыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осындай байланыстарды Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамыта бермек", - деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ Қазақстандағы саяси реформалар, соның ішінде бір палаталы Құрылтайға көшу, вице-президент лауазымын енгізу, Қауіпсіздік кеңесі аппаратын құру және Халық кеңесінің жұмысын бастауы туралы айтты.
Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Тоқаев Қазақстанда корё-сарам этностық корей қауымдастығының 120 мыңға жуық өкілі тұратынын атап өтті.
"Өздеріңізге елгілі, келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толады. Бұл - тарихи уақиға. Екі мемлекет бірлесіп, осы айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек", - деді президент.
Чо Чжон Шик сондай-ақ 2027 жылдың көктемінде Қазақстанда Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері парламенттері төрағаларының төртінші кездесуі өтетінін хабарлады. Ол форумға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша ықпалдастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан президенті "Орталық Азия - Корея Республикасы" бірінші саммитінің жұмысына қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 10:49 10691
Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек
Келісімнің негізгі мақсаты - екі ел арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және одан әрі дамыту
Достарға айту
Құрылтай Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда мақұлдады.
Келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылған болатын. Аталмыш келісім аясында қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу, оларға қызмет көрсету және жөндеу, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу көзделген.
Сонымен қатар, тараптар технологиялар трансфері, әскери-техникалық көмек көрсету, маман даярлау және оқыту бағыттарында бірлесіп жұмыс атқарады. Екі мемлекеттің әскери инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріне бірлескен сынақ өткізу де қарастырылған.
Сынақтарды екі елдің әскери инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескере отырып өткізу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 09:37 11436
Қазақстандық дипломаттар Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бастаған делегация Екатеринбург қаласында өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломат "Көпполярлы әлемдегі көшбасшылық: халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасында елдің позициясын не айқындайды" интерактивті сессиясы барысында елші үлкен Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан үшін бірнеше нәрсе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
"Біріншісі - ішкі тұрақтылық. Сондықтан біз адами капиталды, технологияларды, инфрақұрылым мен логистиканы дамытып жатырмыз. Екіншісі - біз елдер мен құрлықтарды байланыстыра білуіміз, өзара іс-қимыл кеңістігін құруымыз қажет. Үшіншісі - сенім. Қазақстан әрқашан өз сөзін ұстанатын адал, тең құқылы серіктес болуға тиіс", - деді Д. Абаев.
Өз кезегінде РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанның халықаралық аренадағы маңыздылығын атап өтті. Оның бағалауынша, Республиканың әлеуеті "орта держава" шеңберінен асып түседі.
"Қазақстан әлемге және біздің Еуразия құрлығына орасан зор үлес қосты, соның бірі - өркениетаралық үлес. Дәл осы Қазақстанда мәдениеттер, діндер мен өркениеттер диалогына байланысты түрлі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары басталған болатын. Бұл серпінді оқиға болды. Біз әріптестерімізді мақтан тұттық және осы идеяларды насихаттау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық", - деді М. Захарова.
"Болашақ дағдылары: галстуксіз диалог" сессиясы барысында Елші қоршаған ортаға қарағанда тезірек өзгере білу қабілетін болашақтың басты дағдысы деп атады.
"Болашақ көшбасшыларға айтар кеңесім - ең алдымен, жақсы адам, өз ісінің кәсіби маманы болыңыздар және әлеуметтік капиталыңызды үнемі арттырып отырыңыздар", - деді Д.Абаев жастарға арнаған сөзінде.
Халықаралық жастар фестивалі Екатеринбургте 11-17 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 191 елінен 14 пен 35 жас аралығындағы 10 мың адам қатысуда. Олардың қатарында 200 қазақстандық бар.
Панельдік сессиялар мен пікірталастардың негізгі тақырыптары: ғылым және білім, цифрландыру және IT, кәсіпкерлік, креативті индустриялар, мемлекеттік басқару, медиа, азаматтық белсенділік, спорт.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.09.2026, 09:37Қазақстандық дипломаттар Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты 16.09.2026, 10:49 10446Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек16.09.2026, 10:59 10326Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады16.09.2026, 11:22 9466Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі16.09.2026, 12:22 9366Депутат жүргізуші куәлігін алу емтихандарына кезектің тым ұзақ екенін мәлімдеді
11.09.2026, 19:08 72166Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67886Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67616Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66476Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83691Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80466Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72166Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71281Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

