15.08.2026, 15:26 62811

Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды

Кездесуге Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты
Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды
Сурет: ЖИ
Қазақстанның Израильдегі елшілігінде өткен дөңгелек үстел барысында еліміздегі конституциялық реформа мен алдағы Құрылтай депутаттарының сайлау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Кездесуге Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

ҚР СІМ

Елші Дәулет Ембердиев жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен мемлекеттік басқару жүйесі және елдің саяси құрылымындағы негізгі өзгерістерді таныстырды.

ҚР СІМ

Орталық Азия бойынша саяси сарапшы Аркадий Дубнов конституциялық реформаның уақтылы жүргізіліп отырғанын атап өтіп, Қазақстанның прагматикалық сыртқы саяси бағытына оң баға берді.

ҚР СІМ

ICES халықаралық сараптамалық орталығының президенті Александр Цинкер жаңа модельдің саяси тұрақтылық пен тиімді президенттік басқаруды сақтай отырып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға ұмтылысты көрсететінін атап өтті.

Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі сарапшы Айелет Фриш жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын, оның ішінде технологиялар мен инновациялар салаларында одан әрі дамытуға ықпал ететініне үміт білдірді.

Холон технологиялық институтының президенті, профессор Эдуард Якубов жоғары технологиялық білім беру, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективаларын атап өтті.

Қатысушылар сондай-ақ, саяси, экономикалық, білім беру, технологиялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

ҚР СІМ
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны