12.08.2026, 11:55 10811

Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды

Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі Израильдің бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізіліп, қатысушыларға 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ұйымдастырылған кездесу Израиль жұртшылығын 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау қарсаңында ұйымдастырылып, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық өзгерістер туралы ақпараттандыруға арналды.

"Мемлекеттік билік жүйесін реформалауға, бір палаталы парламент - Құрылтайға көшуге, өкілді органдарды қалыптастырудың жаңа қағидаттарына, сондай-ақ жаңартылған саяси жүйедегі саяси партиялар мен азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аударылды",- деп атап өтті министрлік өкілдері.


Кездесу барысында сондай-ақ қатысушыларға сайлауды өткізу тәртібі, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуы, сайлау процесінің негізгі кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. БАҚ өкілдері мен сарапшылар конституциялық реформаның практикалық іске асырылуы, мемлекеттік биліктің жаңа моделінің жұмыс істеуі, саяси партиялардың рөлі, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қызығушылық танытты.

Қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы сайлау процесіне қатысты тиісті түсініктемелер алды.

Кездесу Қазақстан Республикасының Израильдегі дипломатиялық өкілдігі мен Израильдің медиа және сарапшылық қоғамдастығы арасында тікелей диалогты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан туралы объективті және жан-жақты ақпаратты ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң болды.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Израильдің БАҚ өкілдерімен және сарапшылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды одан әрі жалғастырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуының өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық брифингтер мен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны