14.08.2026, 17:49 38701

КҚК Австрия мұнай импортының 56%-ын қамтамасыз етеді: СІМ басшылары тасымал тұрақтылығын талқылады

КҚК Австрия мұнай импортының 56%-ын қамтамасыз етеді: СІМ басшылары тасымал тұрақтылығын талқылады
ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін және Қазақстан мұнайын Еуропаға тұрақты жеткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) жұмысына байланысты ахуал, халықаралық теңіз қатынасының қауіпсіздігі және қазақстандық мұнайды Еуропа нарықтарына тұрақты жеткізу мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған мұнай тасымалдау бағытының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңыздылығы аталып өтті. Қазақстан Аустрияның шикі мұнай импортының шамамен 56 пайызын қамтамасыз етеді, оның едәуір бөлігі КҚК арқылы жеткізіледі.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. ҚР Сыртқы істер министрі Аустрияны 2027-2028 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтап, Ұйым аясындағы одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді.

Тараптар тұрақты байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, қол жеткізілген уағдаластықтар, оның ішінде Федералдық министр Беате Майнль-Райзингердің Қазақстанға бұған дейінгі сапарының қорытындылары бойынша уағдаластықтар аясында іс-жүзіндегі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны