28.09.2026, 21:09 276721 / 51885

Келіссөздер мен бизнес-форумдар: Тоқаев Германияға сапармен барды

Келіссөздер мен бизнес-форумдар: Тоқаев Германияға сапармен барды
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Берлинде Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайермен және федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізеді.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті Мюнхенге барып, Германияның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми институттардың жетекшілерімен кездеседі.

Сонымен қатар, президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады, деп жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны