05.03.2026, 14:43 30991

Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың кезекті легі келді

Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың кезекті легі келді
Сурет: gov.kz
Таяу Шығыс елдеріне сапармен барған қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен оралды. Жолаушылар бүгін "Air Astana" әуе компаниясының ұшағымен Ақтау халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ұшып келген азаматтардың басым бөлігі әрі қарай Алматы қаласына жол тартты.

Азаматтар шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктер тарапынан тұрақты байланыс орнатылып, жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Арнайы чаттар ашылып, ақпараттық және құқықтық көмек берілген. Қонақ үй мен тамақ мәселесі де шешімін тапқан.

- Біз Сауд Арабиясы, Жидда, Доха, Катар бағыттарынан жиналып, Умра сапарынан кейін Жидда қаласына топтастырылдық. Сол жерден ұйымдастырылған рейспен Ақтауға жеттік. Араға 2-3 күн кідіріс түскені болмаса, жағдайымыз жақсы болды. Сыртқы істер министрлігі мен елшілер толық қолдау көрсетті. Құжат рәсімдеу барысында да көмектесті. Осындай сәтте еліміздегі тыныштық пен тәуелсіздіктің қадірін тереңірек түсінеді екенсің. Қазақ халқына, мемлекет басшысына алғысымды айтқым келеді. Барша қазақстандықтарға бірлік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын, - деді Ақтау қаласының тұрғыны Бирюза Ищанова.

Айта кетейік, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанға оралған азаматтардың жалпы саны 2 151 адамды құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны