04.07.2026, 12:35 77481

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: Depositphotos
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент құттықтау хатында Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 600-ден астам американдық компания жұмыс істесе, ал АҚШ инвестицияларының жалпы көлемі 100 млрд доллардан асқан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны