17.07.2026, 13:43 12161

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуда
Сурет: Ақорда
Шанхай қаласында "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбымен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция (WAIC) өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы - Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда", - деді Президент.


Ақорда

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда жарияланған "Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ" тұжырымдамасына қолдау білдірді.

"Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған "Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын" құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны