09.06.2026, 20:34 526
Минскіде ТМД кеңістігіндегі консулдық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXXIII отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырыс жұмысына Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, және ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Армения мен Тәжікстан өкілдері бейнеконференция форматында қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде Әзербайжан мен Түрікменстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Болат Каткенов басқарды.
Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тараптар конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің ішкі істер органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелеріне бөлек назар аударылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.06.2026, 19:28 2346
Қазақстанның конституциялық реформалары Варшавада талқыланды
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі Польша баспасөз агенттігінің (PAP) алаңында "Қазақстандағы конституциялық реформалар: мемлекетті дамыту және жаңғырту жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстанның жаңа Конституциясын, сондай-ақ елдің саяси және институционалдық дамуының келешегін талқылауға арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Польшаның саяси, сараптамалық, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.
Кіріспе сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілі конституциялық реформаның тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси дамуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болғанын және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жаңа кезеңге жол ашқанын атап өтті.
Жалпыхалықтық референдумда қолдау тапқан жаңартылған Конституция кең қоғамдық диалогтың және мемлекеттің институционалдық моделін жан-жақты жаңғыртудың нәтижесі екені атап өтілді.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен дербес деректердің қорғалуына, сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Талқылау аясында қатысушылар конституциялық реформалардың демократиялық институттарды нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және цифрлық дәуір талаптарына сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызына тоқталды.
Польша сарапшылық қауымдастығының өкілдері мемлекеттік құрылыс, конституциялық даму және демократиялық жаңғыру мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы халықаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысында пікір алмасу ұйымдастырылып, Қазақстан мен Польшаның сарапшылық және академиялық орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:44 4066
Орталық Азия мен Скандинавия тұрақты ынтымақтастық жолында
Сурет: ggo.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Скандинавия-Орталық Азия тұрақты бизнесін дамыту жөніндегі қауымдастықтың ("SCABA") Бас хатшысы Илкка Ряйсяненмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті бағыттарын талқылады.
Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстанның Орталық Азияда бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.
SCABA" - Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы берік іскерлік байланыстарды орнатуға бағытталған бизнес-бағдарланған ұйым.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:37 4356
Қазақстан мен Иран көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Сыртқы істер министрлігінде Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабадимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Иран ынтымақтастығының көпжақты салалардағы, оның ішінде БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында су жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйым құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап су мәселесі бүгінде қоршаған ортаға ғана емес, тұрақты дамуға, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікке, климатқа төзімділік пен әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей байланысты екенін атап өтті.
Халықаралық қауымдастықтың елеулі күш-жігеріне қарамастан, судың жаһандық күн тәртібі институционалдық бөлшектенуге тап болып отырғаны, саяси міндеттемелер мен олардың іс жүзінде орындалуы арасындағы алшақтық сақталып отырғаны жеткізілді. Осыған байланысты Қазақстанның бастамасы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, БҰҰ жүйесі аясында үйлестіруді күшейтуге, қаржыландыруды жұмылдыруға, деректер мен тәжірибе алмасуға, су ресурстарын тұрақты басқарудағы практикалық жобаларды ілгерілетуге бағытталғанына ерекше назар аударылды.
Тараптар Иранның су ресурстары, құқықтық мәселелер және көпжақты дипломатия саласындағы тәжірибесін ескере отырып, бұл бастаманы одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
ИИР Сыртқы істер министрінің құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары су дипломатиясы Иран үшін өзекті мәселелердің бірі екенін хабарлап, осыған байланысты жуырда Сыртқы істер министрлігінде Су дипломатиясы комитеті құрылғанын мәлімдеді.
К.Ғарибабади Иран мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ынтымақтастығы деңгейіне, өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша тығыз әріптестігіне жоғары баға беріп, ресми Тегеранның бұған дейін Астананың көптеген тың халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткеніне назар аударды және алдағы уақытта осы ықпалдастық одан әрі нығая түседі деп сенім білдірді.
Ирандық дипломат көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстанмен сындарлы диалогты жалғастыруға және екі елдің халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылын нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:01 6061
Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасынының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі - АҚШ-тың Үндістандағы Елшісі Серджио Гормен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ көлік, логистика және аса маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастық перспективалары жеке қарастырылды.
Е.Көшербаев Қазақстанда ауқымды конституциялық реформалар мен ұлттық экономиканы жаңғырту бағдарламалары дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Астана Вашингтонды инвестициялар тарту, технологиялық жаңғыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету салаларындағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Осы тұрғыда тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында 2025 жылғы қарашада Ақ үйде өткен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын жан-жақты талқылады.
ҚР СІМ басшысы сондай-ақ алдағы "С5+1" аса маңызды минералдар жөніндегі диалогына (Critical Minerals Dialogue) жоғары деңгейде қатысатыны үшін америкалық тарапқа алғыс білдірді. Бұдан бөлек, тараптар АҚШ пен Орталық Азия елдерінің бизнес-делегациялары қатысатын жоспарланған дөңгелек үстелдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қосымша серпін берудегі маңызын атап өтті.
Өз кезегінде С.Гор қазақ тарапына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша белсенді диалог пен практикалық өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 17:04 7656
Қазақстан мен Кения ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Кения Республикасының Президенті У.Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары (2026 жылғы 19-20 мамыр) барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, 2026 жылғы 3-5 маусым аралығында ҚР Кениядағы Елшілігінің ықпал етуімен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қ.Қожаев бастаған Қазақстан Республикасы делегациясының Найроби қаласына сапары өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Қ.Қожаевтың Кения ғарыш агенттігінің (Kenya Space Agency) Бас директоры доктор Хиллари Бивотт Кипкосгеймен кездесуі өтті. Кездесу барысында Кения Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасында жасалған "Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін әзірлеу және ғарыш технологияларын қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға" сәйкес тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары талқыланды.
ҚР делегациясы сондай-ақ "Global Data Festival 2026 and Kenya Space Expo & Conference 2026" халықаралық форумына қатысты.
Форумда сөйлеген сөзінде Қ.Қожаев ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны мониторингілеу, табиғи ресурстарды басқару және тұрақты даму міндеттерін іске асыру үшін ғарыш технологиялары мен аналитикалық шешімдерді іс жүзінде қолдану туралы айтты.
Жасанды интеллекттің маңызы зор, алайда оның өзі ғана жеткіліксіз. Тиімді шешімдер қабылдау үшін сенімді әрі өзекті деректер қажет. Жасанды интеллектті, ғарыштық технологияларды, Жерді қашықтықтан зондтауды, геокеңістіктік талдауды және цифрлық платформаларды біріктіру адамдар мен мемлекеттерге нақты пайда әкелетін шешімдерді жасауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қайыржан Қожаев.
Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басшылығының Кения ғарыш агенттігінің басшылығымен кездесулері және "Global Data Festival and Kenya Space Expo & Conference 2026" шарасына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстандық ғарыш технологияларын шетелдік нарықтарда ілгерілетуге, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық қызметтер және деректерді талдау саласындағы серіктестік жобаларды дамытуға ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 16:40 8381
Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстан-Израиль Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусымында Комиссияның тең төрағалары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Израиль Мемлекеті Қаржы министрлігінің министрі Зеэв Элькиннің онлайн кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі тақырыбы биыл Израильде, алдын ала қараша айына жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелері болды.
Тараптар екіжақты байланыстардың жоғары қарқыны мен мазмұнды сипатын атап өтті. Атап айтқанда, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға жасаған жуырдағы сапары, сондай-ақ инновациялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы жетекші мемлекеттік агенттіктер мен компаниялардың басшыларын бастап келген Израиль Президенті Ицхак Герцогтың сапары ерекше аталып өтті.
Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ цифрландыру, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты күн тәртібін ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылатыны жөнінде ортақ пікірге келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 20:15 38536
Қазақстан мен Кувейт қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын ашуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қаржы министрі Якуб Әл-Рефаимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Кувейт арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру барысын талқылады.
2026 жылдың екінші жартысында өтуі жоспарланған Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Кувейт Мемлекеті Үкіметі арасындағы табыстарға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қоюға дайындық барысын талқылады. Құжат бойынша жұмыс аяқталу сатысында екені, ал оған қол қою екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатыны атап өтілді.
Қазақ Елшісі сұхбаттасушысын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таныстырып, Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін және оның Орталық Азиядағы жетекші экономикалардың бірі ретіндегі ұстанымын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен кувейттік инвестицияларды тартудың перспективалы бағыттары таныстырылды.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Кувейт Мемлекетінің Қаржы министріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыру хаты табыс етілді.
Кувейт тарапы шақыруды ризашылықпен қабылдап, Қазақстан тарапының сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамаларын қарастыруға қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 19:15 37746
Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.06.2026, 16:40Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады 09.06.2026, 17:04 6566Қазақстан мен Кения ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде09.06.2026, 18:01 4971Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды09.06.2026, 18:37 3266Қазақстан мен Иран көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады09.06.2026, 10:55 2996Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
05.06.2026, 17:52 144851Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін05.06.2026, 17:11 143671Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:32 136831Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.06.2026, 16:15 126376Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 11:10 126301Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
13.05.2026, 07:10 289636Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277346Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250876Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243776Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243146Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

