09.07.2026, 15:45 20431

Омбыдағы саябаққа Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің есімі беріледі

Қазіргі уақытта госпиталь ғимаратына Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақта орнатылған
Омбы қаласында Соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь маңындағы саябаққа қазақстандық майдангер-жазушы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі беріледі. Тиісті шешімді Омбы қалалық кеңесі қабылдады.

Бастаманы өңірлік қазақ ұлттық-мәдени автономиясы көтерген.

Қалалық кеңестің мәліметінше, бұл орын кездейсоқ таңдалмаған. 1945 жылдың қысында ауыр жараланған сержант Кемел Тоқаев Омбыдағы әскери госпитальға жеткізілген. Сол кездегі озық емдеу әдістерін қолданған жергілікті дәрігерлер оның аяғын аман сақтап қалып, ампутациядан құтқарған.

Қазіргі уақытта госпиталь ғимаратына Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақта орнатылған.

Сонымен қатар, депутаттар Омбы қаласының Орталық әкімшілік округіндегі жағалаулардың біріне "Достық жағалауы" атауын беру туралы шешім қабылдады. Қала әкімдігі бұл шешім Ресей мен Қазақстан арасындағы достық сиптатағы өзара байланыстарды айқындайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылдың шілде айының соңында Омбыда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны