14.08.2026, 17:41 20096

ҚР СІМ мен KAZENERGY энергетикалық дипломатияны дамытуды талқылады

ҚР СІМ мен KAZENERGY энергетикалық дипломатияны дамытуды талқылады
Сурет: ҚР СІМ
ҚР сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Серікқали Брекешевпен кездесу барысында энергетикалық дипломатия, халықаралық ынтымақтастық саласындағы және Қазақстанның энергетикалық әлеуетін халықаралық салалық алаңдарда таныстыруда өзара іс-қимыл мәселелері талқылады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметінен.

Тараптар шетелдік инвестицияларды энергетика секторына тарту, шетелдік компаниялармен, халықаралық ұйымдармен және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ халықаралық іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 11 - 15 қазан аралығында Эр-Рияд қаласында өтетін XXV WPC Energy Дүниежүзілік конгресіне Қазақстанның қатысу дайындығы қарастырылды.

"Конгрестің халықаралық іскерлік бағдарламасын талқылау шеңберінде тараптар іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 40-шы пленарлық отырысы кезеңінде өткізу мүмкіндігін атап өтті. Мұндай формат бір алаңда мемлекет өкілдерін, ірі халықаралық энергетикалық корпорациялардың басшыларын және жетекші шетелдік инвесторларды біріктіруге мүмкіндік береді",- деп айтылған хабарламада.


Қазақ тарапы Конгресс алаңын елдің инвестициялық және технологиялық мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ Астананы 2028 жылы келесі WPC Energy Дүниежүзілік конгресін өткізу орны ретінде ілгерілету үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Осы тұрғыда 2028 жылғы 11 - 15 маусымда Астанада өтетін XXVI WPC Energy Дүниежүзілік конгресіне дайындық мәселелері талқыланды. Конгресті өткізу энергетика мәселелері бойынша халықаралық диалогты дамытуға және Қазақстанның жетекші халықаралық компаниялармен және сарапшылар қоғамдастығымен өзара іс-қимылын кеңейтуге маңызды үлес қосады.

Кездесу қорытындысы бойынша энергетикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанның энергетика секторына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша күш-жігерді әрі қарай үйлестіруге дайындық расталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны