09.07.2026, 19:44 56196
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте "Отандастар қорының" қызметі талқыланды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстандық дипломаттар шетелдік серіктестермен кездесулер өткізіп, инвестиция тарту мәселелерін талқылады, сондай-ақ шетелде тұратын отандастармен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бастамаларды қарастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекияның METLEN өнеркәсіптік тобының басшылығымен кездесті. Тараптар инвестициялық ахуалды және металлургия саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде аса маңызды шикізат, айналым экономикасы және алюминий өндірісінің толық құн тізбегі бағытындағы жобаларды талқылады.
Кездесу "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Компания инвесторларға жобаларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу тетіктерін таныстырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің имидждік жұмыс жөніндегі комитетінің отырысында "Отандастар" қорының шетелдегі отандастарға мәдени-гуманитарлық және ақпараттық қолдау көрсету бағытындағы қызметінің қорытындылары қаралды.
Кеңес мүшелері қандастарға арналған фронт-офистер желісін кеңейтуді, "Отандастар" журналын қайта шығаруды және шетелде тұратын қазақ текті ғалымдармен ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Сонымен қатар олар қордың қызметіне оң баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.08.2026, 20:45 8006
Қазақстан елшісі Сербия президентіне Сенім грамоталарын табыстады
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Сербиядағы елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының президенті Александр Вучичке Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар сондай-ақ, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылады. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және құрылыс салаларындағы, сондай-ақ мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, білім беру және туризм бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстандық дипломат Астананың екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.
Өз кезегінде, Сербия президенті Астанаға жуырдағы сапарын жылы ықыласпен еске ала отырып, мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді және Қазақстанның Белградта өтетін EXPO 2027 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын құптады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп іске асыруға бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 20:24 7566
Брокерлер мен дилерлер ЕАЭО елдерінің биржаларына тең қол жеткізе алады
Достарға айту
Брокерлер мен дилерлер ЕАЭО елдерінің биржаларындағы бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен сауда-саттыққа тең шарттармен қатыса алады.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Шолпан-Атада Одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойған келісімге түсініктеме бере отырып мәлімдеді.
Бұл келісім ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігін құру жолындағы қадамдардың бірі болмақ.
"Біз ЕАЭО аясында ортақ биржалық кеңістік құруға қадам жасап отырмыз. Шолпан-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Одақ елдерінің премьер-министрлері брокерлер мен дилерлерді еуразиялық бестікке кіретін кез келген елде бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін биржалық сауда-саттыққа тең шарттармен жіберу туралы келісімге қол қойды", - деді Сұлтанов.
Брокерлер мен дилерлер сауда-саттыққа техникалық қол жеткізіп, өтінімдер беріп, мәмілелер жасай алады. Сонымен қатар олар клирингке қатысып, ЕАЭО елдерінің депозитарийлерінде, оның ішінде қашықтан шот аша алады.
Сұлтановтың айтуынша, жаңа ережелер биржалардағы өтімділікті арттырып, эмитенттерді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және Одақ елдері арасындағы өзара инвестицияларды ынталандыруға тиіс.
"Келісімді іске асыру биржаларға қосымша өтімділіктің келуін қамтамасыз етіп, эмитенттерді қаржыландыру көлемін ұлғайтып, өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді, сондай-ақ Одақтың қаржы нарықтарын дамытуға серпін береді деп сенемін. Бұған дейін қол қойылған бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа трансшекаралық жіберу туралы келісіммен бірге біз ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігінің берік құқықтық негізін қалап жатырмыз", - деді Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 20:22 8241
Словения Республикасының елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словения Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған елшісі Бранко Раковецтен (резиденциясы Люблянада) сенім грамотасының көшірмеcін қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
А. Исетов елшіні жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Астана мен Любляна арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
"Тараптар Қазақстанның Люблянадағы Елшілігінің 2024 жылы ашылуы және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты байланыстардың нығая түскенін және екі елдің өзара қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмтылысын айқын көрсеткенін атап өтті",- деп айтылған хабарламада.
Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің маңызына жеке назар аударылды.
Елші Б. Раковец жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 17:17 10241
Гонконгта өткен форумда құқықтық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Гонконгта Азия-Тынық мұхиты заңгерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Қытай кәсіпорындарының Қазақстан нарығына шығуына жәрдемдесуге арналған құқықтық және кәсіби қызметтер" тақырыбында Форум өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов ағымдағы жылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандана түскенін және еліміздің гонконгтік капитал үшін инвестициялық тартымдылығының артқанын атап өтті.
Дипломат екіжақты қарым-қатынастардың дамуына үстіміздегі жылғы маусымда Гонконг Арнайы әкімшілік ауданың Басшысы Джон Лидің Қазақстанға жасаған сапары айтарлықтай серпін бергенін жеткізді. Гонконгтік делегация құрамына ірі бизнестің 70-тен астам өкілі кіріп, жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларынан асатын 61 келісімге қол қойылды. Осыған байланысты Бас консул Гонконг кәсіпкерлерін Қазақстан нарығындағы қатысуын одан әрі кеңейтуге шақырды.
Министрліктің мәлімдеуінше, іс-шараға әділет органдарының, даму институттарының өкілдері, жетекші консалтингтік компаниялардың басшылары және қытайлық бизнестің топ-менеджерлері қатысты.
Форум барысында Гонконг Әділет министрінің орынбасары Хорас Чанг Квок-кван Гонконгтың қытайлық компаниялардың Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына шығуы үшін негізгі "қаржылық қақпа" ретіндегі рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, азақстандық "Grata International" заң фирмасының серіктесі, халықаралық құқық саласының сарапшысы Шаймерден Чиканаевтың баяндамасы қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Ол қатысушыларды Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерімен таныстырды.
"Форум Гонконгтың іскерлік топтарының қаржы-экономикалық қызметте ғана емес, заң саласында да қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге деген қызығушылығын айғақтады",- деп көрсетілген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен Гонконг арасындағы ауқымды инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту үшін құқықтық қолдау жүйесін қалыптастыруға бейілділік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 12:20 13226
Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастың 34 жылдығына орай ұйымдастырылған велошеру өтті
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстандағы Спорт күніне орай еліміздің Брюссельдегі Елшілігі Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 34 жыл толуына орай велошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Велошеру Бельгияның ең танымал көрікті орындарының бірі әрі болашаққа ұмтылыстың символы саналатын Атомиумнан бастау алып, құрамында дипломаттар, Бельгияда тұратын отандастарымыз, студенттер, сондай-ақ бельгиялық серіктестер бар қатысушылар белгіленген маршрут бойынша жүріп өтті.
"Велошерудің құрметті қатысушысы - белгілі қазақстандық велошабандоз, "Astana" велокомандасының бұрынғы мүшесі, Олимпиада ойындарының қатысушысы Андрей Кашечкин болды",- дейді министрлік өкілдері.
Іс-шараны ашқан Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко 34 жыл ішінде Қазақстан мен Бельгия өзара құрмет пен сенімге негізделген берік әріптестік орнатқанын атап өтті. Оның айтуынша, велоспорт екіжақты қатынастардың сипатын символдық тұрғыдан айқын бейнелейді: алға жылжу үшін тепе-теңдік, серпін және өзара қолдау қажет.
Велошеру достық әрі бейресми жағдайда өтіп, Спорт күнін және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған күнін бірге атап өтуге жақсы мүмкіндік болды.
Екіжақты қатынастардың жаңа маңызды кезеңі осы күзде күтілуде: Бельгиялықтар Королі Филипптің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар екі ел арасындағы достық пен әріптестікті одан әрі нығайтудағы маңызды оқиға болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 15:26 51116
Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстанның Израильдегі елшілігінде өткен дөңгелек үстел барысында еліміздегі конституциялық реформа мен алдағы Құрылтай депутаттарының сайлау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Кездесуге Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Елші Дәулет Ембердиев жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен мемлекеттік басқару жүйесі және елдің саяси құрылымындағы негізгі өзгерістерді таныстырды.
Орталық Азия бойынша саяси сарапшы Аркадий Дубнов конституциялық реформаның уақтылы жүргізіліп отырғанын атап өтіп, Қазақстанның прагматикалық сыртқы саяси бағытына оң баға берді.
ICES халықаралық сараптамалық орталығының президенті Александр Цинкер жаңа модельдің саяси тұрақтылық пен тиімді президенттік басқаруды сақтай отырып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға ұмтылысты көрсететінін атап өтті.
Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі сарапшы Айелет Фриш жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын, оның ішінде технологиялар мен инновациялар салаларында одан әрі дамытуға ықпал ететініне үміт білдірді.
Холон технологиялық институтының президенті, профессор Эдуард Якубов жоғары технологиялық білім беру, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективаларын атап өтті.
Қатысушылар сондай-ақ, саяси, экономикалық, білім беру, технологиялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 14:15 51356
Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді
Достарға айту
Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне ресми түрде енгізілді. Бұл шешім Қазақстан мен Корея Республикаларының арасында жұмыспен қамту және еңбек саласында, соның ішінде мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болды.
Осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі Корея Республикасының сол кездегі президенті Юн Сок Ёльдің 2024 жылғы маусымда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша бекітілген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында тараптар жұмыспен қамту және еңбек саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Бұл тармақ екі мемлекеттің Бірлескен мәлімдемесіне енгізілді.
Сапар аясында Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың Қазақстанды Кореяның Employment Permit System жүйесіне енгізу ниетін растады.
Жұмыс дипломатиялық бағытта да жалғасты. Биыл шілде айында Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Асет Исенали Сеулде Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі Халықаралық ынтымақтастық бюросының бас директоры Чан Хён Сокпен кездесті.
Тараптар еңбек көші-қоны, жұмыспен қамту және білікті кадрлар даярлау салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарына ерекше назар аударылып, кездесу қорытындысы бойынша тиісті бастамаларды ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
14 тамызда Корея Республикасының үкіметі Қазақстанды Е-9 жүйесіне қатысушы елдердің қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан EPS жүйесіне қатысушы 18-ші мемлекет болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанды аталған жүйеге енгізу жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді.
2026 жылғы қаңтарда Қазақстанға кореялық сарапшылар делегациясы келген болатын. Олар елдің жүйені іске қосуға дайындығын, соның ішінде EPS орталығын ашу, корей тілінен тестілеу өткізу, кандидаттардың кәсіби дағдылары мен денсаулық жағдайын бағалау мүмкіндіктерін зерделеген еді.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Корея тарапы Қазақстанды бағдарламаға қатысуға дайын деп таныды.
Алғашқы қазақстандықтар EPS арқылы Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге 2028 жылдан бастап бара алады деп күтілуде. Оған дейін екі ел өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандум жасасып, Қазақстанда корей тілінен тестілеуге арналған EPS-TOPIK орталығын құруы керек.
EPS шетелдіктерді ресми мемлекеттік тетіктер арқылы Оңтүстік Кореяда ұйымдасқан түрде жұмысқа орналастыруды көздейді. Қазақстандықтар тілдік тестілеуден, кәсіби дағдыларын бағалаудан және медициналық тексеруден өтуге тиіс.
Еңбек министрлігі бағдарлама ресми түрде іске қосылғанға дейін азаматтарға Оңтүстік Кореяға кепілді немесе жеделдетілген тәртіппен жұмысқа орналастыруға уәде беретін делдалдарға ақша төлемеуге кеңес берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 11:36 53481
Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды
Мемлекет басшысы мұрагер ханзада Алоизға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Лихтенштейн халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұрагер ханзада Алоизды Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық достық пен өзара құрметке негізделген қатынастарды жоғары бағалайды. Өзара тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халқының игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенімдімін", - делінген құттықтау жеделхатында.
Мемлекет басшысы мұрагер ханзада Алоизға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Лихтенштейн халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.08.2026, 09:22Қазақстанның Еңбек министрлігіне жаңа өкілеттіктер берілді 17.08.2026, 12:20 13031Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастың 34 жылдығына орай ұйымдастырылған велошеру өтті17.08.2026, 10:36 12606Елімізде қалдықтарды басқаруды цифрландырып, қайта өңдеуді қолдау тетіктері қарастырылуда17.08.2026, 13:00 10951Балаева сайлау алдындағы науқан кезінде журналистер мен блогерлердің құқықтары туралы еске салды17.08.2026, 13:46 10751Елімізде көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылды
14.08.2026, 18:36 58071Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 11:36 53286Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 11:20 52336Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады15.08.2026, 14:15 51161Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді15.08.2026, 15:26 50921Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды
24.07.2026, 17:33 106011АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99716Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98286Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда23.07.2026, 16:25 93646Мәскеуде Яссауи іліміне қатысы бар XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды23.07.2026, 14:36 92171Сарапшы: Алматының бас жоспарына қатысты дау - қаланың жаңа даму моделіне төтеп беру қабілетіне қатысты мәселе

