12.08.2026, 19:28 12771

Ресейдің Өскемендегі жаңа бас консулы тағайындалды

Ресейдің Өскемендегі жаңа бас консулы тағайындалды
Сурет: Ресей СІМ
Михаил Королев Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Михаил Королев Алтай политехникалық институтын бітірген. 1999 жылдан бері дипломатиялық қызметте.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Өскемен қаласының бас консулы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бері Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнауылдағы аумақтық органының басшысы - өкілі қызметін атқарып келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны