17.07.2026, 16:32 32016

ТМД Қазақстанның терроризмге қарсы ынтымақтастыққа қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті

Тараптар қызметтің негізгі бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі дамытуды талқылады
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік және арнайы қызметтер органдары басшылары кеңесінің өкілі Евгений Сысоев Қазақстан Республикасының ТМД кеңістігіндегі терроризмге қарсы ынтымақтастыққа қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен.

ТМД Терроризмге қарсы орталығының (ТМД ТҚО), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) өкілдерімен өткен кездесу барысында Евгений Сысоев ТМД ТҚО ұйымдастыратын халықаралық іс-шараларға құзыретті органдардың дәстүрлі түрде жоғары деңгейде қатысатынын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ қызметтің негізгі бағыттары бойынша әріптестікті дамыту барысын талқылап, оперативтік-үйлестіру, ақпараттық-талдамалық және ғылыми-білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ерекше назар аударды.

Кездесу соңында тараптар ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен күш-жігерді одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны