17.07.2026, 17:38 64541

ТМД елдері 2027-2028 жылдарға арналған туризмді дамыту жоспарын келісті

ТМД елдері 2027-2028 жылдарға арналған туризмді дамыту жоспарын келісті
ТМД елдерінің сарапшылары 2027-2028 жылдарға арналған туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісті, деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.

Сарапшылар тобының отырысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар құжат жобасын пысықтап, оның соңғы редакциясын мақұлдады. Келесі кезеңде құжат ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына ұсынылады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту стратегиясы 2021-2030 жылдарға арналған. Құжатта туризм экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі әрі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің, мәдени байланыстарды нығайтудың және халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырылады.

Стратегия ТМД аумағындағы туристік ағынды ұлғайтуды, бірлескен туристік өнімдерді әзірлеп, оларды әлемдік нарықта ұсынуды, туризм саласынан түсетін табысты арттыруды, сондай-ақ мәдени мұраны сақтауды және жауапты, орнықты әрі қолжетімді туризмді дамытуды көздейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны