10.07.2026, 19:12 55136
Тоқаев АҚШ Президентін Қазақстанға шақырды
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды",- деп айтылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.08.2026, 14:34 18326
Ермек Көшербаев Қазақстан мен Сингапур елдері арасындағы қатынастардың нығая түскенін атап өтті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сингапур сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанға жолдаған құттықтауында Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Сингапур елі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында табысты дамып қана қоймай, халықаралық күн тәртібін белсенді қалыптастырып отырған шағын мемлекеттің жарқын үлгісі ретінде әлемдік аренада ерекше орын алады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастардың одан әрі нығайып келе жатқанын зор ықыласпен атап өтемін", - деді сыртқы істер министрі.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Сингапурдың жан-жақты ынтымақтастығы, әсіресе сауда, инвестиция және халықаралық дипломатия салаларында дәйекті түрде белең алып келеді.
Ермек Көшербаев достас Сингапур халқына бақ-береке мен өркендеу, ал әріптесі Вивиан Балакришнанға алдағы қызметіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.08.2026, 10:30 18531
Тоқаев Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығының одан әрі серпін алатындығына сенім білдірді
Достарға айту
Қазақстан мен Сингапур арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами береді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур көшбасшысы Тарман Шанмугаратнамға жолдаған құттықтау жеделхатында мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 17:41 17851
Бельгия королі Филипп Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген
Достарға айту
Бельгия королі Филипп биылға жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапарын асыға күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бұл туралы оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жауап хатында айтылған.
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.
Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 11:23 39511
Қазақстан мен Грекия КҚК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылады
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Грекия Қазақстанмен энергетика, сауда, инвестициялар, көлік және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендігін растады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антониа Кацуруды қабылдау барысынде белгілі болды.
"Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту болашағын, көпжақты форматтарда өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар кестесін талқылады", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Е. Ашықбаев энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы тұрғыда тараптар қазақстандық мұнайды еуропалық нарықтарға экспорттауда стратегиялық маңызға ие Каспий құбыр консорциумының (КҚК) айналасындағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын, халықаралық нарықтарға энергия ресурстарының үздіксіз әрі орнықты жеткізілуін, сондай-ақ кемелердің қауіпсіздігін және теңіз қатынасының еркіндігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Өз кезегінде Грекия Елшісі А. Кацуру энергетика, сауда, инвестициялар, көлік және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға грек тарапының дайын екенін растады.
Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 09:56 39796
Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов Түркістан қаласында өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 94-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Комиссия отырысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы бақылаушы ретінде қатысты.
Тараптар Сырдария мен Әмудария су қоймаларының жұмыс режимдерін және олардан су алу шегін пайдалану, су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, сондай-ақ Аралды құтқару халықаралық қоры аясындағы өңірлік бастамаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ, отырыс барысында Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған CAWEC жобасына ерекше назар аударылды. Дүниежүзілік банк өкілі Дмитрий Петрин қатысушылардың назарына жобаны одан әрі іске асырудың негізгі бағыттарын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 94-отырысының хаттамасына қол қойылды.
Комиссияның кезекті отырысы Түрікменстанда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 17:13 51421
Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындалып жатыр
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын талқылады. Атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.
Дипломаттар алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін де қарастырды. Тараптар бұл іс-шаралар нақты уағдаластықтар мен практикалық нәтижелерге жеткізуі тиіс екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сауд Арабиясының өкілдері екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 16:52 52036
Қазақстан мен Нигерия ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжирге сапармен келген Нигерия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дунома Умар Ахмедпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Ахметов саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды таныстырды. Сондай-ақ, ол жаңа Конституцияның күшіне енуі және алдағы Құрылтай сайлауы туралы ақпарат берді.
Тараптар Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылады.
Нигерия СІМ-нің Мемлекеттік хатшысы аталған бастаманың өзектілігін жоғары бағалап, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруді талап ететін жаһандық міндет екенін атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан-Нигерия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің елшіліктері мен сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 13:06 55321
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары ғылыми атақтарды тану туралы келісімге қол қойды
ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды
Достарға айту
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында Одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім бар, деп хабарлады ҚР Үкіметі.
ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде ЕАЭО-дағы тауарлардың электрондық саудасы туралы келісім бар, оны жүзеге асыру электрондық коммерцияны қарқынды дамытуға, бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және қатысушылардың әріптестер нарығына қол жеткізуде анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, Одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша бірқатар өкімдер қабылданды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 1-2 қазанда Минск қаласында (Беларусь) өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, ғылыми атақтарды тану туралы келісім еңбек көші-қоны кезінде ғылыми атақтарды тікелей тануды көздейді. Бұл олардың иелеріне берілген біліктілігіне сәйкес Одақтың басқа елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Келісім күшіне енгенге дейін берілген құжаттар да танылуға жатады. Жұмысқа орналасатын мемлекетте сараптама қорытындысы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайлар бұған кірмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.08.2026, 09:16Тоқаев отандастарымызды Абай күнімен құттықтады 10.08.2026, 09:45 5261Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі10.08.2026, 10:19 4261Бақыт Есімова Президенті әкімшілігінің бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды10.08.2026, 11:08 3896Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды10.08.2026, 11:58 3186Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру тәртібі белгіленді
05.08.2026, 19:17 83436ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды06.08.2026, 15:56 73221Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды04.08.2026, 18:34 73131Wildberries қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін қазақстандық сатушыларға өтемақы төлейді06.08.2026, 13:30 7310116 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72796Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
24.07.2026, 17:33 105451АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99196Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97766Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 96941Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94796ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

