Тоқаев Арменияда өткен Биоалуантүрлілік жөніндегі көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 қарсаңында өтетін Биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әуежайда мемлекет басшысын Армения үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Ереванға келгеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен бірге Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өткен саммиттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсім аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.
Саммит биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
