15.08.2026, 11:36 57356

Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды

Мемлекет басшысы мұрагер ханзада Алоизға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Лихтенштейн халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұрагер ханзада Алоизды Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық достық пен өзара құрметке негізделген қатынастарды жоғары бағалайды. Өзара тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халқының игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенімдімін", - делінген құттықтау жеделхатында.


Мемлекет басшысы мұрагер ханзада Алоизға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Лихтенштейн халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны