10.07.2026, 09:18 50616

Тоқаев бес елге Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Тоқаев бес елге Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттерге Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Бақыт Батыршаев - Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ал Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Болат Иманбаев Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол Қазақстанның Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Болат Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның мына елдердегі елшілері, яғни Қырғыз Республикасындағы елші Рапиль Жошыбаев, Катар Мемлекетіндегі елші Арман Исағалиев, Мажарстандағы елші Абзал Сапарбекұлы, Сербия Республикасындағы елші Мәди Атамқұлов қызметтерінен босатылды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны