15.08.2026, 11:20 53646

Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады

Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Құттықтау жеделхатында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Конго арасындағы қатынастардың маңызын атап өтті.

"Еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырады", - деді Тоқаев.


Президент бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны