15.08.2026, 10:22 48586

Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданы4 баспасөз қызметінен.

Құттықтау жеделхатында президент Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.

Президент сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны