17.07.2026, 14:50 12496

Тоқаев Таиландтың премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Таиландтың премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтың премьер-министрі Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мәселе бойынша ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Бангкок экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны