09.10.2026, 14:57 54081 / 10140

Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Достастықтың 2035 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының айтуынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамыту тұжырымдамасы 2007 жылы бекітіліп, алты жыл бұрын жаңартылған. Алайда одан кейін қабылданған бағдарламалар мен құжаттар көбіне белгілі бір салаға қатысты болды. Сондықтан көбіне бір-бірімен сәйкеспейді.

"Сондықтан Атқарушы комитетке елдеріміздің үкіметтерімен бірлесіп, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл – ортамерзімді перспектива. Ең алдымен, мемлекеттеріміз үшін аса маңызды басымдықтарға мән берген жөн. Олар: экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам капитал", - деді Тоқаев.


Президент Достастық елдерінің ортақ міндеті ТМД-ның әлеуетін нығайту және оны жаңа геосаяси жағдайларға бейімдеу болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында "ТМД плюс" форматындағы алғашқы саммитті өткізуді ұсынды.

Президент бұған дейін Қазақстанның бастамасымен ТМД жанындағы бақылаушы және ТМД серіктесі институттары құрылып, кейін "ТМД плюс" форматы енгізілгенін еске салды.

"Ендігі қадам – алғашқы «ТМД плюс» саммитін ұйымдастыру деп ойлаймын. Жоғары деңгейдегі мұндай кездесу ықпалдастық географиясын кеңейтіп, еуразиялық ауқымдағы ашық әрі сұранысқа ие алаң ретінде Ұйымның рөлін күшейтеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.


Ол сондай-ақ Қазақстанның Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеп, оның конфронтацияға бағытталмаған сипатын атап өтті.

Мемлекет басшысы сөз соңында 35 жыл ішінде Достастық ұйымы мемлекеттер мен халықтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Өзбекстанға сәттілік тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны