09.10.2026, 14:45 53201 / 9975

Тоқаев: ТМД-ның ең үлкен байлығы – халықтар достастығы

Тоқаев: ТМД-ның ең үлкен байлығы – халықтар достастығы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

" Көз алдымызда халықаралық қатынастардың жаңа құрылымы қалыптасып келеді. Жаһандық экономикалық байланыстар жүйесі күйрей бастады. Технологиялық бәсеке күшейді, белгісіздік белең алып, алдағыны болжау қиындай түсті. Мұндай жағдайда тікелей және сенімді диалог өрбітіп, әр мемлекеттің мүддесін ескеретін ортақ шешім табу ерекше маңызды. Достастықтың ұдайы сұранысқа ие ұйым болуының бірден-бір себебі осы деп ойлаймын", - деп атап өтті мемлекет басшысы.


Ақорда

Тоқаев ТМД-ның ең үлкен байлығы – халықтар достастығы, ортақ мәдени және рухани мұра екенін атап өтті.

Президент Қазақстанның ТМД-ны құрудың бастауында тұрғанын, ал 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылуы мемлекеттер тарихындағы тағдыршешті кезең болғанын еске салды.

"ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды. ТМД-ның біріктіруші миссиясы елдеріміз тәуелсіздік алған кезеңде айқын көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күрделі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпалдастықтың мүлдем жаңа форматын құрдық", - деп атап өтті ол.


Достастықтың 35 жылдығы атап өтілетін жылы Тоқаев Алматы декларациясында бекітілген қағидаттарға қайта оралып, жүріп өткен жолды саралауды және болашаққа арналған міндеттерді айқындауды ұсынды.

Қараша айында Алматыда Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен аталған тарихи құжаттың қабылданғанына 35 жыл толуына орай халықаралық конференция өтед. Оған ТМД елдерінің ғалымдары, құқықтанушылары, тарихшылары мен сарапшылары шақырылады.

Бұған дейін ТМД елдерінің көшбасшылары экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы бірлесіп күресуге келіскені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны