14.08.2026, 16:08 20311

Әзербайжан мен Қазақстанның дипломаттары екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады

Әзербайжанның елшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Алимирзамин Алескеровтен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

"Сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды",- деп атап өтті мекеме өкілдері.


Кездесуді қорытындылай келе, Әзербайжан Елшісі жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыс рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды тұрақты дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны