17.07.2026, 19:56 75721

Жамбыл облысы шетелдік инвесторларға инвестициялық әлеуетін таныстырды

Жамбыл облысы шетелдік инвесторларға инвестициялық әлеуетін таныстырды
Сурет: ҚР СІМ
Тараз қаласында отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен.

Ә. Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік инвестициялық штабтар инвесторлардың мәселелерін, оның ішінде "қолмен басқару" режимінде жедел шешуге арналған тиімді алаңға айналуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, Үкімет алдында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу және кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту жөніндегі стратегиялық міндет тұрғанын айтты.

Ол бүгінде біз облыстың жекелеген инвестициялық жобаларды іске асырудан экономиканың тұтас салаларын жүйелі дамытуға белсенді көшіп жатқанын атап өтті. Қосылған құны жоғары жаңа өндірістік тізбектер қалыптасуда, шикізатты терең өңдеу және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Бүгінде өңірдің инвестициялық портфелі жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын 116 жобаны қамтиды. Олар шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейді және негізінен өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен мен энергетика салаларында жүзеге асырылуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 505,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2%-ға өсті.

Жұмыс сапары аясында Әлібек Қуантыров "Тазабек-Досжан" шаруа қожалығында, "Тараз" индустриялық аймағында, "Aqtas Group" ЖШС зауытында, сондай-ақ "Алель Агро" АҚ құс фабрикасында болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны