10.07.2026, 17:20 54536

Женевада Қазақстанның Ұлы дала мұрасы ұлттық көрмесі ашылды

Женевада Қазақстанның Ұлы дала мұрасы ұлттық көрмесі ашылды
Сурет: ҚР СІМ
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 68-сериялы отырыстары аясында Қазақстан Республикасының «Kazakhstan. Heritage of the Great Steppe» ұлттық көрмесі ашылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Көрменің басты экспонаттарының бірі Living Canvases жобасы болды. Бұл - анимация, дыбыс және цифрлық технологиялардың көмегімен қазақ бейнелеу өнерінің туындыларын "жандандыратын" иммерсивті мультимедиялық инсталляция. Жоба ұлттық мәдени мұраны заманауи форматта таныстыруға мүмкіндік береді.

Көрменің негізгі идеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті" деген сөзіне негізделген.

Ашылу салтанаты Joshy Qazaq National Group этно-фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен аяқталды. Ұжым дәстүрлі қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының заманауи үнін көпшілікке ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны