22.01.2015, 15:46 185386

12-жылдық білім беруге көшу белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін - БҒМ

Қазақстанда 12-жылдық білім беру бағдарламасын енгізуді белгісіз уақытқа шегеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатыныӊ отырысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 12-жылдық білім беру бағдарламасын енгізуді белгісіз уақытқа шегеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатыныӊ отырысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

"Елімізде зерттеу жүргізілді, кейбір мектептерге 12 жылдық білім беру стандарты енгізілді. Мамыр айында бұл зерттеу аяқталады. Зерттеу нәтижесін қарастыра отырып біз әзірге ұсыныс берудеміз, себебі мемлекеттік білім бағдарламасына өзгерістер енгізу керек болады. Біз бүгінгі жағдайды ескере отырып 12 жылдық білім беруге көшуді шегеру туралы ұсыныс жасамақшымыз", - деп мәлімдеді БҒМ, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, 12 жылдық білім беруді шегеру мерзімі әлі қарастырылады. Алайда зерттеу нәтижелерін ескере отырып, БҒМ 12 жылдық білім беруді әзірге шегеруді дұрыс көріп отыр. "Көптеген факторлар бар, оныӊ ішінде қаржы мүмкіндігі де жоқ емес. Бүгінде Үкімет Президенттіӊ тапсырмасымен экономикадағы болуы мүмкін түрлі жағдайлар бойынша сценарий жасақтауда", - деп жалғастырды министр.

БҒМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда аталмыш бағдарлама бойынша 400 бала білім алуда. "Олар үшін біз ҰБТ тапсыру, ЖОО түсудіӊ өзгеше ережесін жасақтадық. Бұл зерттеудіӊ нәтижесі 11 жылдық білім беру бағдарламасын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады", - деді А.Сәрінжпіов.

Сонымен, министрдіӊ айтуынша, "Білім беру туралы" заӊдағы 6-7 жастан балаларды мектепке қабылдау ережесі дәл солай қала береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны