31.05.2006, 12:40 7120

2008-жылы авиациялық-ғарыштық Есіл кешенінің көмегімен алғашқы жер серігін орбитаға шығару көзделіп отыр

АҚКӨЛ. 31-мамыр. Kazakhstan Today. 2008-жылы авиациялық-ғарыштық Есіл кешенінің көмегімен алғашқы жер серігін орбитаға шығару көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін “КазСат” ғарыштық аппараттарын басқаратын жер үсті кешенінің тұсаукесері барысында Мәскеу жылу техникасы институтының бас директоры Юрий Соломонов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Ресей мен Қазақстан бірлесіп авиациялық-ғарыштық Есіл кешенін құру жобасын жүзеге асыра бастады. Маусым айында жұмыстарды жан-жақты бастау мәселесі шешімін табуға тиіс”,- деді институт директоры.

“Жобаның басты құрамды бөліктері – дүниежүзінде баламасы жоқ арнайы зымыран мен ұшақтар. Зымыранның техникалық деңгейі дүниежүзінде осы салада кісі қолынан шыққан дүниелерден асып түседі”,- деді ол.

“Батыс сарапшыларының пайымдауынша, бұл саладағы нарық 2020-жылы 10 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. Сондықтан осы бөлікті біз тезірек бірлесіп қолға алсақ, оның коммерциялық тұтынылуы да тиімді болмақ”,- деді Ю.Соломонов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Есіл” кешені салмағы 160 шақырымға дейінгі азаматтық мақсаттағы шағын ғарыштық аппараттарды Жерден 1500 шақырым қашықтыққа дейінгі жер маңы орбитасына шығаруға арналған. “Есіл” кешенінің бір ерекшелігі – МИГ-31 ұшағының базасында жасалғандығы. Ол жері серігі мен шағын зымыранды қажетті биіктікке дейін шығара алады. Екі жылдан кейін өзін-өзі ақтайды деп есептелген бұл жобаны жүзеге асыру навигация мене спутниктік байланыспен қамтамасыз ету, экологиялық зерттеулер жүргізу, ғарыштық мониторинг, жерге қашықтан зонд жүргізу, еліміздің мұнай кеніштеріндегі ахуалды қадағалау мақсаттарын шешумен бірге Жер мен оның атмосферасына ғарыштық зонд жүргізуге мүмкіндік береді.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны