22.12.2014, 14:31 166342

2017 жылы ЖСөК пайдалануға берілмек - ИДМ

Жобаны іске асырудыӊ нәтижесінде ғарыш аппараттарын жобалау, дайындау, жинау мен сынауға арналған жоғары технологиялық кәсіпорын құрылатын болады.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2017 жылы Ғарыш аппараттарын жинау-сынақтан өткізу кешені пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі ҚР Президентініӊ "Қазақстан-2050" стартегиясында атап көрсеткен міндеттердіӊ орындалу барысы туралы мәлімдемесінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, ЖСК француздық "Airbus Defence and Space" әріптес компаниясымен бірлесіп қолға алынуда. Кәсіпорын құру идеясынан бастап оны іс жүзінде нақты жоба ретінде пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмыстарды атқаратын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Жобаны іске асырудыӊ нәтижесінде ғарыш аппараттарын жобалау, дайындау, жинау мен сынауға арналған жоғары технологиялық кәсіпорын құрылатын болады. Аталмыш жоба 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде", - деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар, ҒА ЖСК құрамына тәжірибелі өндіріске ие ғарыш техникаларын арнайы құрастыру-технологиялық бюросы (ҒТ АҚТБ) да кірмек.

"ҒТ АҚТБ ғарыш аппараттарын жобалауды қамтамасыз етпек. Өндірісте ғарыш аппараттарыныӊ жекелеген құрамдарын дайындауға арналған зертхана мен өндірістік учаскі болады", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны