21.06.2012, 13:26 35534

Айға алғашқы туристік ұшырылым Қазақстан аумағынан ұшырылады

Сонымен Айға қыдыруға баратын барлық азаматтар Байқоңыр ғарыш айлағындағы ғарыш стансасынан сапар шеге алады. Саяхат уақыты бар-жоғы 8 ай ғана жалғаспақ.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Айға алғашқы туристік ұшырылым Қазақстан аумағынан ұшырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Адамзат тарихында Айға саяхат жасағысы келетіндер енді Қазақстан жерінен ұшатын болады. Британдық Excalibur Almaz компаниясы өз қызметін ұсынуға даяр екенін жеткізді. Ал Айға ұшу сапары 100 миллион фунт стерлинг тұрады. Ал ғарышкерлерге қойылатын талап та өте қатал. Ұшатын адам физикалық жіне психологиялық дайындығынан бұрын, 1 жыл ғарыш аппаратын басқару туралы арнайы дайындық курсын өтетін болады.

Сонымен Айға қыдыруға баратын барлық азаматтар Байқоңыр ғарыш айлағындағы ғарыш стансасынан сапар шеге алады. Саяхат уақыты бар-жоғы 8 ай ғана жалғаспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны