06.09.2007, 14:05 1421

Алдын-ала мәліметке сәйкес, "Протонның" құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған

Алдын-ала мәліметке сәйкес, "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Алдын-ала мәліметке сәйкес, "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

"Ұлттық аэроғарыш агенттігі мамандарының көзқарасына сәйкес, ұшырылымның 135-ші секундында екінші сатының қозғалтқышы өшіп қалған. Ол тоқтың үзілуі салдарынан тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуынан болған, бұл мәліметті біз телеметриядан алдық", - деді ол.

Т. Мұсабаевтың ақпаратына сәйкес, зымыран-тасығыштың қалдықтары Жезқазғаннан 40 шақырымдай, Сәтпаевтан - 45, Қарсақпай ауылынан -60 және Қарабұлақтан 70 шақырым жерде құлаған. "Зымыран сынықтары осы эллипсоидта құлаған", -деді ол.

"Оқиға орнына аумақты зарарсыздандыру жөніндегі топ жедел жүріп кетті, олар бірінші болып зымыран-тасығыштың салмағы 400 килограмға жуық екі-үш ірі сынықтарын тапты", - деді Т. Мұсабаев.

Оның ақпаратына сәйкес, зымыран құлаған жерде "ауқымды өрт шыққан, қазіргі жағдаймен ол сөндірілді". "Қозғалтқыш құралдары әзірге табылған жоқ", - деді агенттік төрағасы.

Т. Мұсабаевтың хабарлауынша, "Протонда" шамамен 649 тонн улы отын - гептил болған. Құлаған кезде онда 218 тонн 978 кг отын қалған. "Бұл аса ірі көлемдегі улы зат, ол республикамыздың әуе кеңістігіне таралды, және біз улы бұлттың қандай бағытқа бет бұратынын білмейміз", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны