04.07.2013, 13:49 62989

"Алтел" алматылықтар мен астаналықтарды JET 3G-ге қоспайды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Алтел" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2013 жылдың 2 тамызынан бастап Астана мен Алматы қалаларындағы және осы қалалардың маңындағы жаңа абоненттерді JET 3G-ге қосу уақытша тоқтатылады.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - "Алтел" алматылықтар мен астаналықтарды JET 3G-ге қоспайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Алтел" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2013 жылдың 2 тамызынан бастап Астана мен Алматы қалаларындағы және осы қалалардың маңындағы жаңа абоненттерді JET 3G-ге қосу уақытша тоқтатылады.

Бұнымен қатар, Қазақстанның басқа аудандарында JET 3G қызметтерін қосу және қызмет көрсету әдеттегі режимде жалғасады.

"Біз 2013 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін JET 3G зонасын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Астана және Алматының Талғар, Қаскелең, Қапшағай, Есік, Шучье, Бурабай сияқты серіктес қалаларының тұрғындары қазіргі заманғы технология жетістіктерін - LTE -ні пайдалана алады. Оның жылдамдығы 3G-дің жылдамдығынан 10 есе артық болып келеді", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны