31.07.2013, 16:14 47850

Атырау қаласындағы хош иісті көмірсутектерді өндіру зауытын іске қосу 2014 жылға қалдырылды

Ароматика өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасы бірқатар себептерге байланысты үстіміздегі жылы енгізілмейді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқармасы төрағасының м.а. Данияр Берлібаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

Атырау. 31-шілде. Kazakhstan Today - Атырау қаласындағы хош иісті көмірсутектерді өндіру зауытын іске қосу 2014 жылға қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ароматика өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасы бірқатар себептерге байланысты үстіміздегі жылы енгізілмейді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқармасы төрағасының м.а. Данияр Берлібаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

"Ароматика өндіру бойынша зауыт құрылысына қатысты бұл жобаны біз үстіміздегі жылдың желтоқсанында енгізу керек болатынбыз. Бүгінгі таңда онда проблемалар бар, желтоқсанда оны іске қосып үлгермейміз", - деді ол.

Д. Берлібаевтің айтуынша, "Sinopec Engineering" мердігерлік ұйымы Үкіметке аталған жобаны жүзеге асыру мерзімін 2014 жылға дейін ұзартуды өтінген болатын.

"Мердігерлік ұйым жергілікті стандарттарға үйренісіп кететіндей тәжірибесі болмады, бұл біраз уақытты қажет етті. Сондай-ақ, іркіліске шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзақ рұқсат берілмегендігі және Қытайдан құрал-жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуі себеп болды", - деді компания басшысының м.а.

Сонымен қатар, ол Қытайдан келген арамза мердігерлерге қатысты айыппұлдық ықпалшаралар қолданылатынын айтты.

Өз кезегінде, "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасы Өмірзақ Шүкеев "Қытай компаниялары қазақстандық көптеген жобаларда бар, барлық жерде мерзімдердің орындалмауы кездеседі, сондықтан бұл мәселеге қатал қарау керек. Келісім-шартпен қарастырылған барлық айыппұлдық ықпалшаралар қолданылсын" деді.

Үсітімздегі жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ жалпы құны 1,4 млрд доллар болатын 2 жобаны енгізу тиіс болатын - бұл "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының бірінші телімі және Атырау қаласындағы ароматика бойынша зауыттың құрылысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны