04.08.2022, 16:47 16741

Қазақстанда eGov пен ХҚКО жұмысы іркілістен кейін қалпына келтірілді

Қазақстанда eGov пен ХҚКО жұмысы іркілістен кейін қалпына келтірілді
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - Қазақстанда электрондық үкімет компоненттерінің жұмысы, eGov.kz порталы, eGov mobile мобильдік қосымшасы және ХҚКО жұмысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ элекрондық үкімет компоненттерінің, соның ішінде eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) жұмысы толық қалпына келтірілді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.
 

"ҰАТ" АҚ қызметкерлері электрондық үкімет компоненттері мен мемлекеттік деректер базасының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ақаулықтарға байланысты алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың үлкен ағыны күтілуде. Осыған орай түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

 
Сонымен қатар, баспасөз қызметі орын алған техникалық ақаулықтардың себептеріне талдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданатын болады.
 
Осыған дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттерінің қолжетімсіздігі байқалды. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердегі мемлекеттік қызметтер және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-ры жұмыс істемеді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны