17.08.2026, 19:00 35351
Қазақстандағы даярлық және репетиторлық орталықтар 2027 жылдан бастап мемлекеттік тізілімге енгізіледі
Достарға айту
Қазақстанда 2027 жылдың қаңтарынан бастап балаларды мектепке даярлау орталықтары мен репетиторлық орталықтардың қызметі үшін хабарлама тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында оған мемлекет ақылы даярлық орталықтарының қызметін бақылай ма және оларға бірыңғай талаптар белгілеу жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойылды.
Ақпарова бірінші сыныпқа қабылдау кезінде мектептердің баланың оқу, жазу немесе санау дағдыларын тексеруге құқығы жоқ екенін еске салды.
"Жалпы білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылдау балалардың даму және даярлық деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қабылдау емтихандарын немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді", - деді ол.
"Сондықтан, ақылы даярлық курстарына бару тек ата-аналардың таңдауына байланысты және мектепке қабылдаудың міндетті шарты бола алмайды", деп мәлім етті вице-министр.
Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасына дейінгі балаларды даярлаумен айналысатын және репетиторлық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс тәртібін өзгертуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі оларды хабарлама тәртібімен мемлекеттік тізілімге енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Алдағы уақытта олар қосымша білім беру ұйымдарына теңестіріледі. 2027 жылдың қаңтарынан бастап мұндай ұйымдар үшін де хабарлама тәртібін енгізу жоспарланып отыр", - деді Ақпарова.
Осылайша, даярлық және репетиторлық орталықтар өз қызметі туралы мемлекетке хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ұйымдарға қойылатын жаңа талаптардың шарттары әзірге пысықталып жатыр.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі оқушыны мектеп формасына байланысты сабаққа кіргізбеуге бола ма деген сұраққа жауап берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.09.2026, 11:36 7431
БЖБ мен ТЖБ келесі оқу жылынан бастап 5-9-сыныптарда да алынып тасталуы мүмкін
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанда келесі оқу жылынан бастап 5-9-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-дан кезең-кезеңімен бас тарту жоспарланып отыр. Одан кейін жоғары сыныптардағы бағалау жүйесі де қайта қаралады6 деп мәлім етті оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте.
Биыл бастауыш сынып оқушылары үшін бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ және ТЖБ) алынып тасталды. Журналистер орта және жоғары сынып оқушылары үшін де БЖБ мен ТЖБ алынып тастала ма деп сұрады.
"Биыл біз бастауыш сынып бағдарламалары мен бастауыш сынып оқушыларының үлгеріміне толық талдау жүргіздік. Бағдарламалар, оның ішінде бағалау мәселесі де қайта қаралды. ТЖБ тоқсандық бағалау ретінде өткізілмейді. Бұл жерде біз оқушылар күн сайын сабаққа келіп, жауап беретін қалыптастырушы бағалаудың рөлін арттырамыз. Келесі кезең 5-9-сыныптарда жүзеге асырылады, бұл келесі жылға жоспарланған. Одан кейін 10-11-сыныптарда да қайта қараймыз", - деді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, Ыбырай Алтынсарин атындағы академияда бағалау жөніндегі департамент құрылды. Оның мамандары мұғалімдерге арналған талдамалық және әдістемелік материалдар дайындап жатыр. 5-9-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау үшін бастауыш мектептегідей талдамалық және әдістемелік жұмыстар жүргізу қажет.
"Әдістемелік тұрғыдан дайын болған сәттен бастап, келесі оқу жылынан кезең-кезеңімен алып тастай бастаймыз деп ойлаймыз", - деп түсіндірді министр.
10-11-сыныптардағы өзгерістерді келесі оқу жылынан кейін қарастыру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.08.2026, 19:08 19516
Енді еліміздегі мектептерге тексеру ескертусіз жүргізілетін болады
Достарға айту
Қазақстан мектептерінде алдын ала ескертусіз кенеттен тексерулер жүргізілуі мүмкін. Қазақстан мектептерінде алдын ала ескертусіз кенеттен тексерулер жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Ағымдағы жылдың маусым айында осы тетік аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен мектептердің 99%-ы, мектеп ас блоктарының 95%-ы, медициналық пункттердің 96%-ы және мектеп-интернаттардың 99,2%-ы қамтылды. Мониторинг нәтижесінде көптеген объектіде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Олардың бір бөлігін білім беру ұйымдарының басшылары жаңа оқу жылына дайындық барысында өз күштерімен жоя алады және бұл үшін қомақты қаржы қажет емес", - деп мәлім етті спикер.
Сонымен қатар, мониторинг нәтижесінде 2 087 ас блогында бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 1 168 мектептің ас блогында және 45 мектеп-интернаттың ас блогында санитариялық-техникалық жағдайдың қанағаттанарлықсыз екені және технологиялық әрі тоңазытқыш жабдықтардың жеткіліксіздігі анықталды.
Талаптардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында -259 тіркелген. Қарағанды облысында - 163, Алматы қаласында - 123 және Қызылорда облысында - 115 талаптың бұзылғандығы анықталды. Бұл - міндетті түрде жойылып, тұрақты бақылауда болуы тиіс мәселелер.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқушылар арасында, атап айтқанда Маңғыстау облысында тіркелген тағамнан улану жағдайларына алаңдаушылық білдірген болатын. Осыған байланысты, оның айтуынша, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарау қажеттілігі туындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.08.2026, 17:06 32246
Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы әзірленген препаратты сынау соңғы кезеңнің алдындағы сатыға жетті - Нұрбек
Сурет: pexels.com
Достарға айту
Қазақстанда қатерлі ісікті емдеуге арналған отандық препараттың клиникалық сынақтарының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта мамандар оның оңтайлы дозасын анықтауда. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Сынақтар Астанадағы онкологиялық орталық базасында жүргізіліп жатыр. Ғалымдар ағзаның препараттың әртүрлі дозаларына реакциясын зерттеуде.
"Қазір дозаны анықтау жұмыстары жүріп жатыр, яғни ағзаның жоғары және төмен дозаға реакциясы зерттелуде. Біз осы жылдың соңына дейін мұның бәрін аяқтап, дәріні алдын ала тіркеуге өтінім беруге тырысамыз", - деді министр.
Оның айтуынша, клиникалық сынақтардың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін расталған нәтижелер тексеруге жіберіледі. Содан кейін ғана әзірлеушілер препаратты тіркеу рәсімін бастай алады.
"Бұл - соңғы кезеңнің алдындағы қадамдардың бірі. Қазір біз осы кезеңдеміз", - деп атап өтті ол.
Нұрбек препаратты Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы арқылы тіркеу жоспарланып отырғанын түсіндірді. Алғашқы кезеңде әзірлеушілер препаратты Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің нарығына шығаруды көздеп отыр.
Кейін препаратты басқа елдерде сату үшін тиісті шетелдік реттеуші органдарда тіркеу рәсімдерінен өту қажет болады.
"Біздің міндетіміз - қазір бұл препараттың ЕАЭО аумағында ресми дәрілік зат ретінде қолданысқа енуін қамтамасыз ету", - деді Нұрбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.08.2026, 14:11 33231
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарып, жоғары білім берудің икемді және гибридті форматтары енгізіледі, деп мәлім етті Үкіметтегі брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларының мазмұнын ғана емес, оқу ұзақтығын да өз бетінше өзгерту мүмкіндігі берілген. Ол үшін 2022 жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты қайта қаралды.
"Қазір жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары мазмұнының 92 пайызына дейін өздері айқындап, өзгерте алады, оның ішінде оқу ұзақтығын да. Бізде Astana IT University базасында пилоттық жоба болды - бакалавриат үш жыл, екі жарым жыл. Біз бұған рұқсат береміз. Университеттер оқу мерзіміне қатысты да біртіндеп эксперимент жүргізе бастады", - деді Саясат Нұрбек.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, кейбір бағыттар үшін дәстүрлі төрт жылдық оқу мерзімі тым ұзақ болуы мүмкін, өйткені білім мен технологиялар жылдам өзгеріп жатыр. Бұл ең алдымен IT және жасанды интеллект салаларына қатысты.
"Төрт жыл шынымен де ұзақ болатын белгілі бір мамандықтар бар, өйткені олардың мазмұны тым жылдам өзгеруде", - деп атап өтті министр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі сондай-ақ қолданбалы бакалавриатты - оқу мерзімі қысқартылған және практикаға көбірек бағдарланған білім беру форматын енгізуді ұсынды. Бүгінде тиісті ұсыныс Үкімет қарауына енгізілді.
Пилоттық жобаны жоғары колледждермен бірлесіп іске қосу жоспарланып отыр. Мектеп түлектері оқу мерзімі қысқартылған қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі бағдарламаларға түсіп, кейін қалауы бойынша модульдік қағидатпен жоғары оқу орнында білімін жалғастыра алады.
Алдағы уақытта оқу мерзімі қысқара ма деген сұраққа Нұрбек оң жауап берді.
"Иә. Оқу мерзімі қысқарады, жаңа форматтар пайда болады. Неғұрлым икемді, гибридті форматтар енгізіледі. Бұл үшін нормативтік базаны дайындап қойдық. Пилоттық жобаларды сынақтан өткіздік. Жалпы алғанда, жұмыс істейді", - деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстанда жоғары білім беру саласында жасанды интеллектіні пайдалану бойынша эксперименттер жүргізіліп жатыр. Қыркүйекте Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті жұмысын бастайды, онда алгоритмдер оқу процесіне енгізіледі.
Нұрбектің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен білім беру платформасын құру, оқытуды дербестендіру және студенттердің қызығушылықтарын ескере отырып, олардың жеке оқу жүктемесін қалыптастыру жоспарланып отыр.
"Бұл - өте батыл эксперимент. Мұндай бағытта көп ел жұмыс істеп жатқан жоқ. АҚШ пен Қытай белсенді эксперимент жүргізуде. Біз де осы жобаны іске қосып жатырмыз", - деді министр.
Қазан айында жоғары білім беруді ұйымдастырудың жаңа моделін жеке таныстыру жоспарланып отыр. Нұрбек атап өткендей, Қазақстан шетелдік университеттердің тәжірибесін және олардың оқу мен зерттеу процестерін ұйымдастыру тәсілдерін де зерделеп жатыр.
"Қазір жоғары білім беру саласында көптеген эксперимент жүргізіліп жатыр, біз де эксперимент жасаудан қорықпаймыз", - деп қорытындылады министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.08.2026, 13:01 33521
Барлық мектептердің бейнебақылау камералары ІІМ Жедел басқару орталықтарына қосылуға тиіс - Бектенов
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанның тек жеті өңірінде ғана барлық мектептердегі бейнебақылау камералары ІІМ-нің жедел басқару орталықтарына толық қосылған. Үкімет отырысында бұл мәселеге ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов аса назар аударды.
"Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мен басқа да өңірлер барлық мектептердің бейнебақылау камераларын Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына жыл соңына дейін қосылуын қамтамасыз етсін. Әзірге 7 өңірдің ғана барлық мектебі аталған жүйеге қосылған", - деді Бектенов.
Ол балалардың қауіпсіздігі мәселелері ерекше бақылауда болуы тиіс екенін атап өтті. Өңір әкімдіктеріне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктерімен бірлесе отырып, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың өртке және терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру тапсырылды.
Ішкі істер министрлігіне "Назар аударыңыз - балалар!" іс-шарасы аясында бұған дейін берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру тапсырылды. Іс-шаралар жоспарын балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға ерекше назар аудара отырып, қыркүйек айының соңына дейін ұзарту қажет.
Сонымен қатар премьер-министр мектептерге бекітілген полиция қызметкерлерінің міндеті тек құқықтық және түсіндіру сабақтарын өткізумен шектелмей, балалар мен жастардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың аясын кеңейтіп, жандандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.08.2026, 10:51 34141
Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті оқу курстары енгізіледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылады. Жаңа пәндер Конституция, құқық, қауіпсіздік және заңдылық мәселелеріне арналады, деп мәлім етті Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
" 5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті оқу курсы енгізіледі. Сонымен бірге 5-11-сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" міндетті оқу курсы енгізіледі", - деді министр.
Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылып келген "Құқық негіздері" курсы барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналады және мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілді.
Сондай-ақ, үлгілік оқу жоспарларының құрылымы өзгереді. Барлық оқушылардың барлық оқу пәндеріне толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жоспарлардан қысқартылған нұсқалар алынып тасталады.
Өзгерістер бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесіне де қатысты болады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталады. Бұл ретте күнделікті, яғни қалыптастырушы бағалаудың рөлі күшейтіледі.
Мұғалімдер диктант, мазмұндама, шығарма, жоба, ауызша және практикалық жұмыстарды өздері таңдап, аралық бақылау нысандары ретінде пайдалана алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 10:08 40466
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
Достарға айту
Қазақстанда ;аңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қабылданған балалардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге 128 мыңға жуық бала қабылданды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала қабылданды.
"Болашақ бірінші сынып оқушыларының 71%-дан астамы қазақ тілінде, 26%-дан астамы орыс тілінде, тағы 2,5%-ға жуығы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдаған. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің 2 мыңнан астам баласы қазақ тілінде білім беретін сыныптарға қабылданды. Бұл ата-аналардың балаларын қазақ тілінде оқытуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді",- деп айтылған хабарламада.
Құжаттарды қабылдау Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде пилоттық жоба аясында жүргізілуде. Өтініштер 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен қабылданады.
Өтініштердің 84%-ға жуығын ата-аналар электрондық форматта берген. Құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ таңдалған мектепке тікелей тапсыруға болады.
Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Түркістан облысында - 50 мыңнан астам, Алматы облысында - 35 мыңнан астам, Астанада - 33 мың, Алматыда - 31 мыңнан астам және Шымкентте - 29 мыңнан астам болады деп күтілуде. Бұл осы өңірлердегі халық санының көптігімен және туу деңгейінің жоғары болуымен байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 13:10 36291
ЖИ қазақстандықтарға жұмыс іздейді: елімізде жаңа сервис іске қосылады
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеп, ұсыныстар жіберетін Цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізілуде, деп мәлім етті Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.
Жүйе жұмысқа мұқтаж азаматтарды анықтап, оларға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе 1414 нөмірінен СМС түрінде тиісті хабарламалар жібереді.
Жасанды интеллект азаматтың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өңір ішінде де, одан тыс жерде де, шетелдегі бос жұмыс орындарын қоса алғанда, персоналдандырылған жұмыс орындарын іріктейді. Сонымен қатар азаматтарға оқытк курсынан өту және қайта даярлау, қоныс аудару мүмкіндіктерін ұсынады. Нәтижесінде азаматқа тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеу көрсетіледі.
2026 жылғы шілдеде сервис Павлодар облысында енгізілді. Жұмысқа орналастыру бойынша 39 мың СМС-хабарлама жіберілді. Бұл кезеңде өңірде 962 адам жұмысқа орналасты.
Қыркүйек айында сервисті Маңғыстау облысында енгізу жоспарлануда. Жылдың соңына дейін сервис еліміздің барлық 20 өңіріне ауқымды түрде енгізіледі.
Цифрлық жұмыспен қамту қызметі азаматтарға Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алуды азаматтар үшін жеңіл әрі ыңғайлы етуге арналған жаңартылған eGov порталы іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.09.2026, 09:37Қазақстандық дипломаттар Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты 16.09.2026, 10:49 11116Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек16.09.2026, 10:59 10911Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады16.09.2026, 11:22 10136Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі16.09.2026, 12:22 9951Депутат жүргізуші куәлігін алу емтихандарына кезектің тым ұзақ екенін мәлімдеді
11.09.2026, 19:08 72171Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67886Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67621Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66476Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83691Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80466Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72171Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71281Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

