Система Orphus

Байқоңыр 2008 жылғы ұшырылым саны бойынша ғарыш айлақтарының арасында алда келеді

21.04.2008, 19:22 2376

Байқоңыр. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр 2008 жылғы ұшырылым саны бойынша ғарыш айлақтарының арасында алда келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Новости космонавтики" журналындағы ақпаратқа сілтеме жасап.

"Новости космонавтики" журналының мәліметінше, 2008 жылдың басынан бері әлемде зымыран тасығыштардың 18 табысты ұшырылымы жүзеге асырылды.

Оның 6-ы, немесе 33,3%-ын Ресей жүзеге асырды: 5 ұшырылым (27,7%) -"Байқоңыр" ғарыш айлағынан және 1 (5,55%) - "Плесецк" ғарыш айлағынан ұшты.

Сондай-ақ, 6 ғарыштық ұшырылым (33,3%) АҚШ ғарыш айлақтарынан жүзеге асырылды. Екі зымыранды (11,1%) еуропалық Arianespace компаниясы мен Sea Launch халықаралық консорциумы теңіздегі қалқымалы платформадан ұшырды. Үндістан мен Жапония бір-бір (5,55%) ұшырылым жасады.

"Новости космонавтики" журналының мәліметінше, "егер 2007 жылғы ұшырылымдар статистикасын салыстыратын болсақ, айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ, бұрынғыдай АҚШ пен Ресей алда келеді. Басқа елдердің үлесіне әлемдік ұшырылымдардың үштен бір бөлігі тиюде".

Статистика бойынша, Байқоңырдан мынадай ұшырылымдар жасалды: 28 қаңтарда "Протон-М" зымыраны "Экспресс-АМ33" дер серігін, 5 ақпанда "Союз-У" зымыраны "Прогресс М-63" жүк таситын кораблін, 11 ақпанда "Протон-М" зымыраны Норвегияның Тор-2Р жер серігін, 15 наурызда "Протон-М" зымыраны АҚШ-тың АМС-14 жер серігін, 8 сәуірде "Союз-ФГ" зымыраны "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ғарышкерлерімен алып ұшты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, алдағы аптада "Байқоңыр" ғарыш айлағынан екі ғарыштық ұшырылым жүзеге асырылады: 21 сәуірде "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы Израильдің Amos-3 телекоммуникациялық жер серігін, 27 сәуірде "Союз-ФГ" зымыран тасығышы еуропаның GLOVE-B навигациялық жер серігін Galileo навигациялық жүйесін дамыту үшін алып ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны