04.07.2006, 16:39 2733

Байқоңыр айлағында жуық араға жоспарланған ғарыштық зымырандарды ұшыруға дайындалуда

БАЙҚОҢЫР. 4-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр айлағында жуық араға жоспарланған ғарыштық зымырандарды ұшыруға дайындық жүргізілуде. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералды ғарыш орталығының баспасөз-қызметінен хабарлады.

Баспасөз-қызметінің мәліметіне сәйкес, шілде айында екі зымыран -тасығыш ұшырылады.

17-шілде күні ғарыш айлағының 31-алаңынан «Союз -2-1А» жетілдірілген зымыран-тасығышы ұшырылады. Зымыранның және қарқын беретін «Фрегат» блогының көмегімен жер бетін арақашықтықтан тексеру үшін «Metop» еуропалық аппаратын ғарышқа шығару жоспарланған. Технологиялық «Метоп» жабдығы жер бетінің температурасын, ылғалдығын дәл өлшеуге және атмосферадағы озон деңгейін, теңіз бетіндегі ауа ағынын бақылауға мүмкіндік береді.

Байқоңыр айлағының монтажды-сынақ корпусында «Союз -2-1А» жетілдірілген зымыран-тасығышын , «Фрегат» үдеткіш блогын, «Метоп» ғарыш аппаратын ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүргізілуде.

26 шілде күні «Днепр» зымыран-тасығышы ғарышқа көтеріледі. Қазіргі кезде мамандар шахталық жіберу қондырғысында «Днепр» зымыранын ұшыруға дайындалып жатыр.

«Днепр» зымыран-тасығышымен бірге ғарышқа бірнеше аппарат ұшырылады. Оның ең негізгісі – кең ауқымда ақпарат алып пайдалануға мүмкіндік беретін «Белка» жер серігі . Сондай-ақ «Днепр» орбитаға ресей университетінің «Бауманец» жер серігін, италияның «UniSat 4» серігін және «CubSat»-тың 7 ғарыш аппаратын алып шығады.

Сонымен қатар, жоспарға сай американың «Hot bіrd-8» жер серігі ұшырылуға дайындық үстінде. Бұл аппаратты француз мамандары сынақтан өткізіп жатыр. Ресей мамандары «Бриз М» үдеткіш блогын және «Протон» зымыран тасығышын сынайды. Бұл ғарыш зымырандарын ұшыру 5 тамызға белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны