08.06.2006, 18:38 2846

Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігін ұшыруға арналған “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 8-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігін ұшыруға арналған “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді. Ол ұшырылым кезінде “Союз-2” зымыранымен бірге пайдаланылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі “Роскосмос“ Федералдық агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Үдеткіш блок ғарыш айлағының 31-ші алаңына жеткізілді. Ертең ол контейнерден түсіріліп, ұшырылымға дайындау үшін камерадағы жұмыс орнына орнатылады”,- деді О.Урусов.

ЕUMETSAT халықаралық ұйымына қарасты Metop деп аталатын метеорологиялық аппарат шілденің ортасында ұшырылады деп күтілуде. Жер серігі “Союз-2“ зымыран-тасығышымен және “Фрегат” үдеткіш блогымен ұшырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны