26.06.2009, 14:56 2729

Байқоңыр ғарыш айлағына РС-20 зымыранымен топ түрінде ұшыруға арналған ғарыштық аппараттар жеткізілді

Байқоңыр ғарыш айлағына РС-20 зымыранымен топ түрінде ұшыруға арналған ғарыштық аппараттар жеткізілді

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағына РС-20 зымыранымен топтастыра ұшыруға арналған ғарыштық аппараттар жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Астана уақытымен сағат 13.35-те Байқоңыр ғарыш айлағының "Юбилейный" әуежайына Ан-12 ұшағымен РС-20 зымыранымен топ түрінде ұшыруға арналған алты ғарыштық аппараттың алғашқы үшеуі жеткізілді. Ғарыш айлағына "ДубайСат-1" (Біріккен Араб Имірліктері), "Деймос-1" (Испания) және "ЮК ДМС-2" (Ұлыбритания) ғарыштық аппараттары жеткізілді.

Бүгін ғарыш айлағына аппараттарды ұшырылымға дайындайтын шетелдік мамандар келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны