20.10.2010, 14:05 10555

Байқоңыр ғарыш айлағынан алты "Глобалстар-2" ғарыш аппаратымен "Союз-2" зымыраны сәтті ұшырылды

Кеше Астана уақыты бойынша 23.10 Байқоңыр ғарыш айлағының 31 ұшыру кешенінің алаңынан алты "Глобалстар-2" ғарыш аппаратымен "Союз-2" зымыраны сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федеральдық ғарыш агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 20 - қазан. Kazakhstan Today - Кеше Астана уақыты бойынша 23.10 Байқоңыр ғарыш айлағының 31 ұшыру кешенінің алаңынан алты "Глобалстар-2" ғарыш аппаратымен "Союз-2" зымыраны сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федеральдық ғарыш агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 00.49 және 00.51 бірінші №№5,6, одан кейін №№1-4 ғарыш аппараттары екпінді блоктан штаттық түрде бөлінген.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылды. Ұшыруға байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін кеше сағат 21:11-ден 00:11-ге дейін ҚР ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық режімінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны