21.09.2007, 18:49 2888

Байқоңыр ғарыш айлағынан қазанда екі ғарыштық ұшырылым жасалады

Байқоңыр ғарыш айлағынан қазанда екі ғарыштық ұшырылым жасалады .

Байқоңыр. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағынан қазанда екі ғарыштық ұшырылымы жоспарланған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағында "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыранын ұшыруға, сондай-ақ, "Фрегат" үдеткіш блогы мен GlobalStar телекоммуникациялық ғарыштық аппараттарын алып ұшатын тағы бір "Союз-ФГ" ғарыштық зымыранының кластерлік ұшырылымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны