12.07.2010, 14:28 8537

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен "Экостар-15" ғарыш аппараты ұшырылды

"2010 жылдың 11-шілдесінде астана уақытымен 00.40 Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен "Экостар-15" ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша өттә", - деп хабарлады ТЖМ.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today - Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен "Экостар-15" ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2010 жылдың 11-шілдесінде астана уақытымен 00.40 Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен "Экостар-15" ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша өттә", - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, зымыран тасымалдағыштың ұшырылуына байланысты апаттар бола қалған жағдайда оның салдарын жою үшін ҚР ТЖМ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы төтенше жағдайлар департаменттері мен апаттық құтқару күштері 2010 жылдың 10-шілдесінің 22.40 2010 жылдың 11-шілдесінің 01.40 дейін жоғары дайындық режімінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны