15.10.2010, 13:28 12369

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Сириус ХМ-5" ғарыш аппараты ұшырылды

2010 жылдың 15-қазанында астана уақыты бойынша сағат 00.53 "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен бірге "Сириус ХМ-5" ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - қазан. Kazakhstan Today - 2010 жылдың 15-қазанында астана уақыты бойынша сағат 00.53 "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышымен бірге "Сириус ХМ-5" ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Зымырандарды ұшыру штаттық бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшырылымға байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ҚР ТЖМ ШҚО, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарының ТЖД апаттық-құтқару күштері мен құралдары 2010 жылдың 14-қазаны күні сағат 22.53-тен бастап 2010 жылдың 15-қазаны күні сағат 01.53-ке дейін ерекше дайындықта болды",- деп хабарлады ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны