15.09.2006, 10:50 2509

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-У" зымырантасымалдағышымен әскери мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылды

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Кеше Астана уақытымен 19 сағ. 41 минутта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасығышымен әскери мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылды. Kazakhstan Today тілшісінің ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, зымыран қалыпты жағдайда ұшырылды.

Зымыранның ұшуына байланысты туындап қалуы мүмкін зардаптарды жою үшін Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарының ТЖ департаменттерінің құтқару күштері мен құралдары дайын тұрды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны